Өскемен қаласы

Өскемен қаласы – Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіп, мәдени орталығы.

Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Қала халқының саны 2018 жылғы мәлімет бойынша – 339,9 мың адам.

Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Экономикасының басты бағыты – түсті металлургия, машина жасау, түсті металдар өндіру, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, орман және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі.