Соғыстың ақиқаты цифрлар

Соғыс тарихын зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғыс өрті қамтыған алты жыл уақыт аралығында әлем өзінің 60 миллионнан астам халқынан айрылды.

Әрбір тәулік сайын орта есеппен 20869 адам қаза тауып отырған.

Кеңес одағы тарапынан 27 миллион адам қаза болған.

Соғыстың түрлі кезеңдерінде кеңес-герман майданындағы ұрыстарға бір мезгілде 13 миллион адам, 164 мыңға дейін түрлі жарылғыш қарулар мен минометтер, 20 мыңға дейін танктер, 19 мыңдай ұшақ тартылды. Қызыл Армияға қарсы соғысқа алғашында фашизмнің 270-ге дейін ең таңдаулы дивизиясы қатысты. Кеңес-герман майданының өн бойында жау танктерінің 75%, авиацияның – 75%, артиллериялық қондырғылардың 74% талқандалды.

Тест (жүктеу)