Қаланың «Құрметті азаматтары»

«Құрметті азамат» атағы 1832 жылы Ресейде енгізіліп, дворяндар тобына жатпайтын адамдарға берілген көрінеді. Құрметті азаматтардың артықшылығы рекруттық міндеттіліктен, жан басы салығы мен дене жазасынан босатылған, сондай-ақ қалалық өзін-өзі басқаруға қатысуға құқылы болған. «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» атағын беру туралы ереже Өскеменде шаһардың 250 жылдық мерейтойы қарсаңында 1970 жылдың 14 желтоқсанындағы халықтық депутаттардың қалалық Кеңесінің № 734 шешімімен бекітілген. Мерейтойдың құрметіне құрметті атақ бірден 10 адамға берілді, олар қаланың құрылуы мен дамуына, адамшылық іс-әрекеттегі барлық негізгі бағыттарға зор үлес қосқан азаматтар болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алты жыл көлемінде Құрметті азамат атағы берілмеді, қаланың Құрметті Кітабы жазылмады, барлық құжаттар мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. 1996 жылы 12 сәуірдегі Ғарышкерлердің халықаралық күнінде бірінші сайланған Өскемен қалалық мәслихатының 13 сессиясында қаланың жаңа елтаңбасы бекітілді, елтаңбаның негізінде «Қаланың құрметті азаматы» кеуде белгісі дайындалды. 2005 жылдың 6 маусымында үшінші сайланған Өскемен қалалық мәслихатының ХIV сессиясында «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы шешім бекітілді.