Суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
1947 жылы 3 қаңтарда Өскемен қаласында дүниеге келген. Жүнісов көркемдік жолын он екі жасында Өскемен қаласындағы пионерлер үйіндегі көркем студияда, өзінің тұңғыш педагогы Е. Годовскийден дәріс алып жүрген кезінен бастайды. Мектеп бітірген соң Алматы көркем сурет училищесіне келіп түседі. Кескіндеме өнерінің негіздеріне Қазақстанның танымал шеберлері – Айша Ғалымбаева және Молдахмет Кенбаевтаң оқиды. Н.В. Гоголь атындағы АКУ тәмамдаған сон, ол көркем суреттік білімін И. Репин атындағы Ленинградтық кескіндеме, мүсін және сәулет институтында жалғастырады. Онда ол көркемсурет профессоры А.С.Зайцев пен профессор В. В. Соколовтан тәлім алады. Институт қабырғасында оқып жүріп Марат Жүнісов бейнелеу өнерінің қыр-сырын ерекше ыждаһаттылықпен зерттейді. 1973 жылы сурет академиясын бітірген соң Жүнісов суретші-көркем суретші, педагог дипломын алады.
1973-1975 жылдары М.Жүнісов жұбайы, өнертанушы Иванина Наталья Ивановнамен бірге Алматыда тұрады. Алматы сурет училищесінде сабақ береді. 1975 жылы М.Жүнісов пен Н.Иванина Қарағандыға жұмысқа шақырту алады және сол қалада өмірлерінің соңына дейін тұрады (26.12.1999 ж.).
1978 жылы – КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданады.
1987 жылы – Өскемен қаласында М.Жүнісовтың алғашқы жеке көрмесі өткізілді.
1997 жылы – Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында жеке көрмесі ұйымдастырылды.
Оның шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Германия, Франция, АҚШ, Израиль сияқты елдерде де жоғары сұранысқа ие болды.
Марат Жүнісовтың туындылары Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражайында, Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында, Шығыс Қазақстан Өнер мұражайының қорында сақтаулы.
Суретші түрлі жанрларда көп және жемісті еңбек етті: портрет, пейзаж, натюрморт, сюжеттік композициялар. Ол кез келген тақырыпты тамаша игерген. «Күннің ұлы» атты көрме қылқалам шебері Марат Жүнісовтің сан қырлы дарынын жан-жақты ашып көрсеткен.
Дәстүрлі жанрлардың әрқайсысына суретші қандай да бір қайталанбас қолтаңбасын қоса білген. «Раушанмен натюрморт» қайта құру кезеңіндегі суретшінің өзінің психологиялық портреті, мұңы ретінде көрінеді. Ол теңіз бен балықтар фаунасының барлығын жақсы көретін. Оның теңізді қабылдауы, көңіл-күйіне және тіршілік жағдайларына қарай, өзгеріп отырды. Марат көбінесе графика техникасына бет алады – акварель, гуашь, пастель, тушь, түсті қарындаштар, бұлардың барлығы соңғы жылдарғы көптеген композицияларды құру үшін оның басты техникалық құралдарына айналды. Өкінішке орай оның көптеген шығармашылық ойлары, идеялары жүзеге асырылмады, оған оның дүниеден ерте кетуі себеп болды. Суретші елу екі жасында дүниеден озды.
М.Қ.Жүнісов туралы әдебиет
(Мәлімет орыс тілінен аударылып берілген)
- Жүнісов Марат Қайсанұлы // Андреева, Н. Взволнованная душа [Текст]: [О казахстанском живописце Марате Джунусове] / Н. Андреева // Усть-Каменогорск сегодня. – 2002. – 7 нояб. – С. 3
- Мартынова, Лариса. Марат Джунусов. Концептуальный блокнот [Текст] / Л. Мартынова // Простор. – 2018. – № 10. – С. 185-192
- Кумаргазы Г. Словно солнцем озаренный/Кумаргазы Г. // Деловой Усть-Каменогорск, 2002. – № 12.-С.26-27
- Иванина, Н. Абстракция-как вечность [Текст] / Н. Иванина // Нива. – – № 5. – С. 157 – 159.
- Луцкая, Т. «Струны души моей…» [Текст] / Т. Луцкая // Деловой Усть-Каменогорск. – 2007. – № 5. – С. 40-41.
- Шварева Е. Золотое наследие [Текст] / Е. Шварева // Семь дней. – 2003. – 7 нояб. – С. 2