Агейкин Леонид Евтихиевич (1935-1982) – суретші.
1935 жылы 18 шілдеде Украина ССР-і (қазір Украина Республикасы) Донецк облысы Константиновка қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Ворошиловград көркемөнер училищесін, 1967 жылы Харьков көркемөнер институтының бейнелеу өнері факультетін бітірді.
Л. Агейкиннің «Свадьба» атты диплом жұмысы жоғары бағаға ие болып, Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық диплом жұмыстары көрмесіне қатысты.
Суретші кейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына келеді. 1967-1982 жж. Құрылыс-жол институтында (қазір Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) аға оқытушы болады. 1972 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Көркемөнер қорын басқарды. Л. Агейкин 1974 жылдан СССР және ҚСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
Оның өнер туындылары суретшінің шығармашылығын, жанрының сан алуандығы мен шеберлігін толық көрсетеді. Агейкиннің картиналары, графикалық жұмыстары, акварелі–шығармашылық дарыны мен 60-жылдардың романтизміне толы. Ол көрікті Шығыс өңіріне саяхаттап, таң сәрі мен күннің батуын, алғашқы қар мен қоңыр күз көріністерін көркем бейнелеп, айшықтады.
Л. Агейкин Кенді Алтайда өмір сүріп, еңбек еткен өз замандастарының керемет портреттер топтамасын жасаған, жиырмадан аса көркемөнер туындысының авторы. Соның әрқайсысы әсемдік әлемі, өлке адамдарының қадір-қасиеті жайындағы романтикалық поэма.
«Березка», «Алтайский натюрморт», «Маркакольский рассказ», «Заоблачный край», «Гон», «Краски Алтайской осени», «Алтайский пейзаж с Белухой», «Горное озеро», «Осень на Рудном Алтае», «Тревожный закат» т.б. суреттерінде суретші көркем табиғаттың тылсым сәтін, өз шығармашылығының шырқау биігін көрсете алған.
Л.Е.Агейкин туралы әдебиет:
- Агейкин Леонид Евтихеевич // Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 135.
- Восточно-Казахстанский музей искусств [Текст] = Восточно-Казахстанский музей искусств. – Усть-Каменогорск, 2014. – 205 с.
- Шматова, Яна. Об изобразительном искусстве Восточного Казахстана [Текст]: рассказы / Я. Шматова // Ақ Ертіс. – 2011. – №2. – С. 99-103.
- Вологодская, Галина. Жила веселая сила [Текст] / Г. Вологодская // Устинка плюс. – 2015. – 28 мая (№ 22). – С. 11.
- Костюк, Л. Покоряющая сила таланта [Текст]: к 80-летию художника Л. Е. Агейкина / Л. Костюк // Простор. – 2015. – № 6. – С. 187-192 : рис.
- Воронова, В. Если душа родилась крылатой [Текст]: [В обл.музее искусств открылась персональная выставка вост.-казахст.художника Л. Агейкина] / В. Воронова // Рудный Алтай. – 1995. – 9 дек
- Вологодская, Г. Жила веселая сила [Текст] / Г. Вологодская // Устинка плюс. – 2015. – 28 мая (№ 22). – С. 11.
- Рысакова, Ш. Яркие картины родного края [Текст] / Ш. Рысакова // Вести Семей. – 2015. – 7 июля. – С. 1.