Аудан

Тарихы

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қонысталынған. Оның куәгері есебінде АлтайдаЗайсан қазаншұңқырында

Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды.

1758 жылы Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1763 жылы Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер («Иртышская десятиверстная полоса») қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.

Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая сияқты ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан «поляктар» деп аталған шаруалар келіп қоныстанды.

18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауыттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және технологияны қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық т.б. шетелдік капиталға концессияға берді.

Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын «Шығыс айналма жолы» деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде БұқтырмаӨскемен және Шүлбі электр станциялары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы – Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы станцияларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.

Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылғы 23 мамырдағы №3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына Семей облысының территориясы қосылып, облыс құрамында 15 әкімшілік аудан, 10 қала, 24 кент, 826 ауыл бар. Жер аумағы 283,2 мың км2. Тұрғыны 1,43 млн. адам (2006). Облыс орталығы – Өскемен қаласы. 2022 жылы 8 маусымда Абай облысы болып қайта бөлінді.

Өскемен қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, арнайы құрылған комиссия жаңа аймақтардың шекарасын нақтылады деп хабарлады. Сілтеме turkystan.kz. halyq-uni.kz порталы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту барысында Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандарын, ал Көкпекті ауданынан Самар және Көкпекті аудандарын құру туралы шешім қабылданып отыр.

Алдағы уақытта Тарбағатайдың әкімшілік орталығы – Ақжар ауылы, Ақсуат ауданының орталығы – Ақсуат ауылы бекітілді.

Территориялық бөліністерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады. Құрамына 9 аудан және 2 қала кіреді.

Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрап, құрамына 8 аудан және 2 қала енеді.

ШҚО аумағында – Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары қалады.

Абай облысына – Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары қарайды.

Жаңадан құрылатын облыс халқының саны – 638,3 мың адамды құраса, Шығыс Қазақстан облысының халқы – 717,6 мың болмақ. Бұл аймақ тұрғындарының 53 пайызы, – деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Өнеркәсіптердің 32 пайызы – Абай облысында, 68 пайызы – ШҚО-да қалмақ.

Екі облыстың қала-аудандары 1997 жылы Семей облысы қосылғанға дейінгі территориялар бойынша бөлінген.