Медеу Сәрсекеев

 Медеу Сәрсекеев (Сәрсеке) –  жазушы.

1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қайнар ауылында туған. 1958 жылы Қазақстан кен–металлургия институтын тәмәмдап, инженер–металлург мамандығын алып шыққан соң, «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеп, біраз уақыт жұмысшы жастар бөлімін басқарған. 1959 жылы Семей цемент зауытына ауысып, біраз жыл қатардағы инженерден техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 1963 жылы Өскеменде «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып істеді. Ал 1965 жылдан бері әдеби жұмысқа біржола ауысып, Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы міндетін атқарды.

Ең алғашқы ғылыми фантастикалық повесі «Ғажайып сәуле» 1959 жылы жарық көрген. Содан бергі уақыттарда «Жетінші толқын» (1964-1977), «От және атом» (1965), «Айшықты мезет»  (1968) повестері мен әңгімелері, «Туған жердің асылы» (1974) новеллалары, «Жаңғырық» (1979), «Көмбе» (1983) романдары, орыс тілінде «Взрыв» және «ЖЗЛ» сериясымен «Қаныш Сәтбаев», «Біртуар Бөкетов» және «Ноқталанған тарихшы» атты деректі ғұмырнамалық кітаптары шыққан.       

А. Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударған. Драматургия жанрында да еңбек етті.

«Құрмет» орденімен (2001), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Ол туралы:

  • Сәрсекеев М.  [Мәтін]: [қысқаша өмірбаяны] // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – Б. 273.
  • Салықов К. Ақиқатқа араша [Мәтін] / К. Салықов // Қазақ әдебиеті. – 1996. – № 7-8. –  Б.12.

Медеу Сәрсекенiң қазақ тiлiндегi шығармалары:

  • Сәрсекеев М. Таңдамалы шығармалары [Мәтін] : 6 томдық  / М. Сәрсекеев. – Астана: Фолиант, 2006.
  • Т. 1: Ғылыми-фантастикалық және өзге де хикаяттар мен әңгімелер.– 468 б.
  • Т. 2: Жарылыс: роман. – 460 б.
  • Т. 3: Көмбе: роман, таңдамалы шығармалары. – 432 б.
  • Т. 4: Ғұмырнама : роман, таңдамалы шығармалары.– 424 б.
  • Т.5:  Қайран Бөкетов: роман, таңдамалы шығармалары. – 474 б.
  • Т. 6: Естелік-эсселері.  – 524 б.
  • Сәрсеке, М. Шығармалары [Мәтін]: 8 томдық / М. Сәрсеке. – Астана : Фолиант, 2013.
  • Т. 1: Нашар пьеса 500 рет қойылмайды: 7 драма, солар төңірегіндегі қитұрқы оқиғалар – 512 б.
  • Т. 2: Деректі хикаяттар мен әңгімелер. – 328 б.
  • Т. 3: Деректі хикаяттар. – 334 б.
  • Т. 4: Қазақтың Қанышы: деректі ғұмырнама-роман. – 640 б.
  • Т. 5: Біртуар Бөкетов: ғұмырнама роман. – 536 б.
  • Т. 6: Ноқталанған тарихшы: деректі роман. – 568 б.
  • Т. 7: Жарылыс: роман. – 472 б.
  • Т. 8. Көмбе: роман. – 512 б.
  • Сәрсеке, М. Жаңғырық [Мәтін] : роман / М. Сәрсеке. – Алматы : Жазушы, 1980. – 378 б.
  • Сәрсекеев М. Қуғындалған «Сәтпаев» [Мәтін] : естелік – эссе  / М. Сәрсекеев. – Алматы: Шабыт, 1994. – 244 б.
  • Сәрсеке, М. Абай тойы = Юбилей Абая = Abay’s jubilee [Мәтін] : қазақстанды әлемге танытқан мереке / М. Сәрсекеа. – Алматы : Атамұра, 1996. – 288 б.
  • Сәрсеке, М. Қазақтың Қанышы [Мәтін] : роман-эссе / М. Сәрсеке. – Алматы : Атамұра, 1999. – 592 б.
  • Сәрсеке, М. Жетінші толқын [Мәтін] : ғылыми-фантастикалық хикаяттар мен әңгімелер / М. Сәрсеке. – Алматы : Атамұра, 2004. – 312 б.
  • Сәрсеке, М. Дара дарын [Мәтін] : роман-эссе / М. Сәрсеке. – Астана : Фолиант, 2008. – 484 б.
  • Сәрсекеев М. Қаныш Сәтпаев [Мәтін] / М. Сәрсекеев. – Астана: Фолиант, 2008. – 648 б.
  • Сәрсеке, М. Семей қасіреті [Мәтін] : деректі тарихи хикаят / М. Сәрсеке. – Астана : Фолиант, 2016. – 856 б.
  • Сәрсеке, Медеу. Семей қасіреті [Текст] : деректі тарихи хикаят / М. Сәрсеке. – Алматы : Қазығұрт, 2019. – 688 б.

Медеу Сәрсеке. орысшаға аударылған кiтаптары:

  • Сарсеке, М. Рудный край [Текст] : роман – дилогия : пер. с каз. / М. Сарсеке.
  • Т. 1 : Взрыв / пер. Н. Родичев. – 3-е изд. – Астана : Фолиант, 2018. – 448 с.
  • Т. 2 : Клад : роман – дилогия. –  448 с.
  • Сарсекеев, М. Седьмая волна [Текст] : приключенческая повесть : авториз. пер. с каз. / М. Сарсекеев. – Алма-Ата : Жазушы, 1970. – 184 с.
  • Сарсекеев, М. Чингисская быль [Текст] : повести и рассказы : пер. с каз. / М. Сарсекеев. – Алма-Ата : Жалын, 1981. – 152 с.
  • Сарсеке, М. Планета Сатпаева [Текст] : Роман-эссе. 3-е изд., доп. / М. Сарсеке. – Алма-Ата : Онер, 2002. – 688 с.
  • Сарсеке, М. Через тернии [Текст] : Воспоминания-эссе о путях дорогах к Сатпаеву / М. Сарсекеа. – Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2003. – 300 с.
  • Сарсеке, М. Евней Букетов [Текст] : трагедия светлой судьбы / М. Сарсеке. – М. : Молодая гвардия, 2007. – 605 с. – (Жизнь замечательных людей).
  • Сарсеке, М. Ермухан Бекмаханов [Текст] : документальный роман-эссе / М. Сарсеке. –  Астана : Фолиант , 2010. – 712 с.
  • Сарсеке, М. Семипалатинская трагедия. Документально-историческое повествование [Текст] / М Сарсеке. – Астана : Фолиант, 2016. – 952 с.