Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адам болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас-құралас тіршілік кешкен. Бала Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, қағаз бетіне түскен тың туындыларымен танысып, пікір алмасатын жақын адамдарының бірі болған. Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан да осы атасы еді. Ескіше сауаты бар, араб, парсы, түркі әдебиетімен таныс Әуезді Абай «Әуке аға», «Үлкен қожа» деп атаған. Он бір жасында әкесі Омархан қайтыс болады. Осыдан кейін Мұхтар ауылдан қалаға немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Шаһарда оқу-білім жолындағы біршама ұзақ сапары басталады. Өз заманында Әуезов білімдар қазақтардың бірі болды. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды. Әуезов Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. 1918 жылы мамырда Омбыда өткен Жалпықазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын, «Қазақ тілі» газетін шығаруға атсалысқан. 1919 жылы семинарияны тәмамдап, қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түсіп, «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Жазушының «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» әңгімелері осы басылымдарда жарық көрген. 1923 жылы маусым айында Ленинград мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет бөліміне түседі. 1924-1925 жылдары аралығында Семейдегі мұғалімдер техникумында оқытушы болып істейді. Осы аралықта «Таң» журналын шығарады. 1925 жылы Ленинградқа оралып, оқуын қайта жалғастырады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды. Бұдан бөлек Қазақ ағарту институтында сабақ берді. 1934-1961 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарды.

Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы

Қазақтың заңғар жазушысы артына мол әрі бай мұра қалдырды. Елдің оқу-ағарту ісіне, драматургия саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 20 жасында Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік-Кебекті» жазды. Шекспирдің Ромео мен Джульетта туралы хикаясымен желілес бұл пьеса күні бүгінге дейін қазақ сахнасынан түспей келеді. «Еңлік-Кебек» ең алғаш 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылса, 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып басылып шықты. Қаламгердің көптеген көркем әңгімесі, тұңғыш пьесалары Семейде жазылып, Семейде сахналанды. Әуезовтің қаламынан отыздан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың нұсқаларын қосса, елуден асып жығылады. Мұхтар Әуезов драматургиядағы жанрлық формалардың бәрін қамтыған: трагедия, комедия, драма да бар. Аса терең, мәнді шығарманың бірі – «Түнгі сарын». Туындыда таптық тартыс адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» – қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

Әуезовтің абақтыға жабылғанға дейінгі шығармашылығына көз жүгіртсек, қаламгердің ұлт-азаттық қозғалыс, әлеуметтік тақырыпқа өте жақын болғанын көреміз. 1928 жылы Әуезов «Хан Кене» драмасын жазып бітірді. Алайда бұл трагедия тек алты жылдан кейін ғана, 1934 жылы театр сахнасында қойылды. Мұнда Кенесарының, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. Бұл шығарма қоғамда қызу пікірталас туғызып, оны сахналауға уақытша тыйым салынды. Әуезовтың айтуынша, пьесаны жазбастан бұрын Орынбордан, Омбыдағы Сібір ведомствосынан, қырғыз-қазақ арасынан көп материал жинаған. Оның пікірінше, әрбір тарихи деректі әркім өзінше пайымдауы мүмкін, бірақ өзіндік тарихи тұжырымдамасы жоқ автор тарихи тақырыпқа шығарма жаза алмайды.

Мұхтардың атын көпшілікке әйгілі еткен «Абай» журналы еді. Бас редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды. Әуезов, көбінесе, журналист, публицист, ойшыл, философ ретінде көрініп, оның негізгі мақалаларын жазып отырды. Бертін келе «Қазақ тілі», «Шолпан», «Таң», «Сана», «Жас Азамат», «Еңбекші қазақ», «Кедей айнасы», «Жаңа мектеп», «Жас қайрат» және тағы басқа газет-журналдарда саяси, мәдени-ағартушылық, дүниетанымдық бағыттағы келелі ойларын алға тартып отырды. Ұлт-азаттық сарындары да осы кезеңде қалыптаса бастады. Алғашқы жылдары жазылған көркем шығармаларында елдің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы суреттелсе, 20-шы жылдардың ортасына қарай ұлт тағдырына деген алаңдаушылығы шығармаларында жиі көрініс тапты.

Мұхтар Әуезов – балалар жазушысы

Әдебиеттің басқа да салалары тәрізді балалар әдебиетінде де Мұхтар Әуезовтің өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында арнайы пікір айтқанын атап айту керек. «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап берсе, «Әр жылдар ойлары» кітабында жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларға біршама назар аударылған. Қаламгер балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап көптеген шығармалар жазды. 1926 жылы М.Әуезов жазған «Сұр» деген повесть қазақ балаларының  аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды. М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған «Көксерек» атты әңгімесін жазып ұсынды.

Жазушы «Көксерек» әңгімесінде, алдымен әралуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды. Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген. Автор жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да әрі әсерлендіре түскен. Яғни, қасқырлар тек қана қозыға емес, өрістегі бұзаулар, жылқыларға шабады. Сонымен «Көксерек» әңгімесі жыртқыш аңдар оқиғасына байланысты туғаны айқындала береді. Әңгіме кейіпкері – кішкентай Құрмаш. Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көріп, мәпелеп өсірсе де, ол безіп кетеді, қолға үйренбейді. Осы кезде оқушылар ойында  бір сұрақ туындайды. Тек қана жақсылық жасаған Құрмашқа Көксерек тиіспесе деген. Яғни  оқушылар Көксеректің  алдағы тағдыры немен  аяқталуына   одан бетер қызыға береді. Бірақ бұл қызығу көпке созылмайды, зор өкінішпен, қайғымен жалғасып Құрмаштың  трагедиялық    өлімімен  аяқталады.

М.Әуезовтың  балалар  әдебиетіне  қосқан  тағы  бір  зор  үлесі  – «Жетім» әңгімесі. Бұл  шығарма  да оқушы назарын аударарлықтай әсерлі туынды. Яғни,  бұл  әңгімені оқып отырған  оқушы  шығарма желісіне үңіліп кетеді. 10  жасар  жетім  Қасымның  тағдыры  оларды  бейжай  қалдырмайды. Яғни,  оқушылар Қасым соңында бақытты өмір сүреді деген үмітпен әңгімені қызығып оқиды. Бірақ та бұл шығарма да трагедиямен аяқталады. Күн  көрсетпеген туысқандарынан қашқан Қасым орманда жүрегі жарылып өледі.

М.Әуезов осы шығармалары арқылы жас оқушыны  тыңдатумен қатар, олардың ой – қиялының, өз пікірлерінің дамуына жол ашады.

Балалар мен жасөспірімдерге арнап 20-шы жылдары жазған әңгімелер мен повесттері «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» повесттері. 30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.

Әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан». Бұл Абай елінде туып, жастайынан ақынның өсиеттерін құлағына сіңіріп өскен Мұхтар Әуезовтің сөзі.

Әуезовтің шығармашылығында «Абай жолы» романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде «ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары бағаға ие болды.

Алайда «Абай жолы» оңай жазыла салған шығарма емес. Әуезов кесек туындыны дүниеге әкелу үшін талай мұрағатты ақтарып, қаншама адаммен сырласып, ұйқысыз түндер өткізді. Роман жарық көргеннен кейін де, қайта-қайта қудаланып, сынға ұшырады. Бірақ жазушы еш мойымады. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), одан кейін мұның жалғасы ретінде «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын, 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Соғыстан кейін жазушы Қазақ Республикасы ғылым академиясының президиумына кірді. Оның «Абай» романы орыс және чех тілдеріне аударылды. 1947 жылы эпопеяның екінші бөлімі жарық көрді. Осы еңбегі үшін Әуезов Сталин сыйлығын иеленді.

«Бір қарағанда ол танымалдыққа жеткеніне бөркін аспанға атып, қуануы керек болатын деп ойлайсың. Бірақ осы жайт оған, ең әуелі, ендігі жерде қорғаныш болатындай, бұдан былай жаны сая табатындай сезім кешірген сыңайлы. Алайда уақыт көрсетіп бергендей, Сталин сыйлығы оны ұлтшылдық ұраны қайта көтеріліп, қазақ зиялыларының келесі шоғыры тұтқындалған 1952-53 жылдардың зұлматынан мүлде қорғамады», – дейді ұлы Мұрат Әуезов.

Осыдан кейін жазушы жалған құжат жасатып, Мәскеуге ұшып кетуге мәжбүр болған. Мәскеуде екі жылын өткізеді, университетте дәріс оқиды. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.

Жазушы 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада операция кезінде қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.

 

 

М. О. Әуезовтің шығармалары

Кітаптар:

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 1-т. Мақалалар, пьесалар (1917-1920) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 464 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 2-т. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар (1921-1925) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 480 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 3-т. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар (1921-1929) / М. О. Әуезов. – Алматы : Ғылым, 1998. – 392 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 4-т. Зерттеулер, оқулықтар, әдеби нұсқалар (1924-1930) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 456 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 5-т. Повестер (1927-1929) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 376 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 6-т. Әңгіме, зерттеулер, пьесалар (1927-1933) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 368 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 7-т. Оқулықтар (1929-1933) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 504 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 8-т. Мақалалар, зерттеулер, очерктер, әңгімелер, аудармалар, құжаттар (1930-1934) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 504 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 9-т. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. 1934-1935 / М. О. Әуезов.- Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 456 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 10-т. Мақалалар, зерттеулер, очерктер, аудармалар. 1932-1936 / М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 456 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 11-т. Мақалалар, әңгімелер, очерктер, зерттеулер, пьесалар, әдеби нұсқа. 1935-1937. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 440 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 12-т. Мақалалар, оқулық, әдеби мұра. 1936-1938 / М. О. Әуезов ; ҚР Білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 416 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 13-т. Мақалалар, пьесалар. 1935-1938. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 384 б. : портр. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 14-т. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар, либреттолар. 1936-1939. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 376 б. : портр. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 15-т. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. 1937-1940. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 392 б. : портр. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 16-т. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. 1936-1941. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 400 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 17-т. Мақалалар, аудармалар. 1936-1944. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 376 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 18-т. Мақалалар, зерттеулер, очерктер, пьесалар. 1935-1942. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 400 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 19-т. Мақалалар, очерк, сценарийлер, либреттолар. 1942-1945. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 400 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 20-т. Мақалалар, очерктер, киносценарий, балет либреттолары, пьесалар. 1927-1943. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 400 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 21-т. Мақалалар, пьесалар, либретто (1941-1945) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 384 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 22-т. 1-кітап. Абай жолы: роман-эпопея (1942) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 424 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 23-т. 2-кітап. Абай жолы: роман-эпопея (1947) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 480 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 24-т. 3-кітап. Абай жолы: роман-эпопея (1942) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 496 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 25-т. 4-кітап. Абай жолы: роман-эпопея (1953-1954) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 544 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 26-т. Ақын аға: роман (1949-1950) / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 408 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 27-т. Мақалалар, зерттеулер, пьеса / М. О. Әуезов ; ред. Б. Хабдина. – Алматы : Жібек жолы, 2007. – 448 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 28-т. Мақалалар, зерттеулер, әңгіме, пьеса / М. О. Әуезов ; ред. Б. Хабдина ; ҚР Білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Жібек жолы, 2007. – 440 с. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 29-т. Мақалалар, зерттеулер, әдеби сценарий, әңгімелер, пьеса. 1947-1950. / М. О. Әуезов ; ҚР Білім және ғылым м-гі, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин-ты. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 432 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 30-т. Мақалалар, зерттеулер, аударма. 1949-1952. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 428 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 31-т. Мақалалар, либретто, пьеса. 1951-1954. / М. О. Әуезов . – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 402 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 32-т. Мақалалар, киносценарийлер. 1951-1954. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 412 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 33-т. Мақалалар, кино-әңгіме, пьеса. 1953-1955. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 432 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 34-т. Мақалалар, очерктер, жолжазбалар. 1954-1956. / М. О. Әуезов . – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 416 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 35-т. Мақалалар, зерттеулер: 1956-1957 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2008. – 416 б : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 36-т. Мақалалар, күнделік: 1956-1958 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 408 б : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 37-т. Мақалалар, пьеса, пьеса жоспары, деректер: 1958-1959 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 432 б : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 38-т. Мақалалар, очерктер, жолжазбалар, зерттеу: 1959-1960 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 408 б : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 39-т. Роман, роман жоспары, деректер. 1959-1961. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 352 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 40-т. Мақалалар, баяндамалар, жолжазба: 1959-1961 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 2009 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 41-т. Мақалалар, зерттеулер: 1952-1961 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 288 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 42-т. Мақалалар, зерттеулер, лекциялар, пьеса: 1935-1961 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2009. – 296 б : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 43-т. Мақалалар, зерттеулер (1923-1955) / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2010. – 328 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 44-т. Баяндамалар, пікірлер, сөздер, лекциялар, зерттеу (1950-1960) / М. О. Әуезов . – Алматы : Жібек жолы, 2010. – 320 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 45-т. Сөйлеген сөздер, баяндамалар, зерттеу, жолжазба, пьеса / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2010. – 348 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 46-т. Өмірбаян, сөйлеген сөздер, пьесалар, зерттеу, аударма / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 288 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 47-т. Мақалалар, тезистер, сөздер, стенограммалар, пікірлер, пьесалар, сценарийлер, зерттеу, лекция / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 456 б.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Текст]. 48-т. Выступлении, рецензии, путеводители и переводы / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2011. – 452 с. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 49-т. Мақалалар, сөздер, пікірлер, әңгімелер, сценарийлер / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 456 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 50-т. 1927-1961: хаттар, аудармалар / М. О. Әуезов ; ред. Б. Хабдина ; ҚР Білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Жібек жолы, 2011. – 472 б. : портр.

Әуезов, М. О. Шығармалар [Мәтін] : 12 томдық. 1-т. Повестер мен әңгімелер / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 1967. – 448 б.

Әуезов, М. О. Шығармалар жинағы [Мәтін] : повестер, әңгімелер / М. Әуезов. – Алматы : Өлке, 2012. – 384 б. – (Жасөспірімдер кітапханасы).

Әуезов, М. О. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Абай жолы: роман-эпопея. 1-кітап / М. О. Әуезов. – Астана : Фолиант, 2013. – 424 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Әуезов, М. О. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Абай жолы: роман-эпопея. 2-кітап / М. О. Әуезов. – Астана : Фолиант, 2013. – 464 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Әуезов, М. О. Шығармалары [Мәтін]. 3-т. Абай жолы: роман-эпопея. 3-кітап / М. О. Әуезов. – Астана : Фолиант , 2014. – 400 б. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Әуезов, М. О.  Шығармалары [Мәтін]. 4-т. Абай жолы: роман-эпопея. 4-кітап / М. Әуезов. – Астана : Фолиант, 2014. – 408 б. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Әуезов, М. Таңдамалы = Избранное [Мәтін] : қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми еңбектер: монография , зерттеулер, мақалалар, сөздер, баяндамалар, хаттар / М. Әуезов. – Алматы : Қазақ энцикклопедиясы, 1997. – 512 б. : портр. + [8] п. фото. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1-кітап. Абай / М. О. Әуезов. – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 320 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 2-кітап. Абай / М. О. Әуезов. – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 352 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 3-кітап. Абай жолы / М. О. Әуезов . – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 320 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 4-кітап. Абай жолы / М. О. Әуезов. – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 336 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1-кітап / М. О. Әуезов ; ред. алқа Ә. Асқаров. – Алматы : Жазушы, 2013. – 376 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 2-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2013. – 432 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 3-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2013. – 384 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 4-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2013. – 400 б.

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2009. – 376 б. – (Қазақтын 100 романы).

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 2-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2009. – 432 б. – (Қазақтың 100 романы).

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 3-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2009. – 368 б. – (Қазақтын 100 романы).

Әуезов, М. О. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 4-кітап / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2007. – 400 б. – (Қазақтын 100 романы).

Әуезов, М. Белесте [Мәтін] / М. Әуезов ; ред. К Құдабаева. – Алматы : Жалын, 1981. – 32 б. – (Кітаптан соң кітап).

Әуезов, М. Мұрагерлер [Мәтін] : әңгіме / М. Әуезов ; ред. Қ. Омаров. – Алматы : Жалын , 1984. – 36 б. – (Кел, балалар, оқылық!).

Әуезов, М. О. Әңгімелер [Мәтін] / М. О. Әуезов. – Алматы : Жалын, 1987. – 176 б. : портр.

Әуезов, М. Әдебиет тарихы [Мәтін] / М. Әуезов ; ред. С. Бақтыгереев ; суретші Ш. Бейсенова ; пікір жазған. Р. Нұрғалиев ; алғы сөз авт. Ә. Тәжібаев. – Алматы : Ана тілі, 1991. – 240 б. : портр.

Әуезов, М. Жолда [Мәтін] : романнан үзінді / М. Әуезов ; ред. М. Шәжімова. – Алматы : Балауса, 1995. – 16 б. – (Кел, балалар оқылық).

Әуезов, М. О. Көксерек [Мәтін] : повесть / М. О. Әуезов. – Алматы : Балауса, 1997. – 40 б. : суретті

Әуезов, М. О. Көксерек. Серый Лютый. Fierce Grey. [Мәтін] : әңгіме / М. О. Әуезов ; ред. Ә. Орынбаева, Л. Степанова. – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 112 б. – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Әуезов, М. О. Әдебиет туралы = О литературе [Мәтін] / М. О. Әуезов ; ред.: М. Әсембайқызы, Д. Шуканова ; суретші Т. Ордабеков. – Алматы : Санат, 1997. – 304 б. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

Әуезов, М. О. Қорғансыздың күні [Мәтін] : әңгімелер мен повестер / М. О. Әуезов ; құраст. Н. Ақбай. – Алматы : Атамұра, 2002. – 432 б. – (Атамұра кітапханасы).

Әуезов, М. О. Кінәшіл бойжеткен [Мәтін] : әңгімелері / М. О. Әуезов ; құраст. Д. Әшімханұлы. – Астана : Таным, 2003. – 96 б.

Әуезов, М. О. Қилы заман [Мәтін] : әңгімелер және хикаят / М. О. Әуезов ; ред. Е. Дүйсенбайұлы. – Алматы : Раритет, 2004. – 280 б. – (Қазақ прозасы қазынасынан).

Әуезов, М. О. Көксерек. Әңгімелер [Мәтін] / М. О. Әуезов ; құраст. А. Оразақын. – Алматы : Балауса, 2006. – 512 б. : түрлі-түсті суретті. – (Әлем балалар әдебиеті).

Әуезов, М. О. Қараш-қараш оқиғасы [Мәтін] : хикаят = Выстрел на перевале : повесть = The shot on tne mountain pass : story / М. О. Әуезов. – Алматы : Жазушы, 2016. – 224 б. – (Үш тілді қатар меңгерейік). – Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Әуезов, М. О. Қилы заман [Мәтін] : хикаят / М. О. Әуезов. – Алматы : Халықаралық Абай клубы, 2017. – 232 б. : портр. – (Менің 100 Кітабым).

Ол туралы әдебиеттер :

М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі = Летопись жизни и творчества М.О. Ауэзова [Мәтін] : биография отдельного лица / ред. Л. М. Әуезова, Т. Қ. Жұртбаев ; құраст. Р. Әбдіғұлов, Т. Әкімов. – Алматы : Ғылым, 1997. – 768 б. : [8] п.фота. – қазақ, орыс тілдерінде.

Қонаев, Д. А. Әлемнің Әуезовы [Мәтін] : естелік-эссе / Д. А. Қонаев, Т. Қожакеев, Қ. Сейданов. – Алматы : Санат, 1997. – 144 б.

Мұхтар мұрасы = Наследие Мухтара [Мәтін] : ғылыми мақалалар мен зерттеулер / құраст. Ш. Ыбыраев, С. Қорабаев. – Алматы : Қазақстан, 1997. – 352 б. – Кітап қазақ және орыс тілінде.

Мырзахметұлы, М. Әуезов және Абай [Мәтін] / М. Мырзахметұлы. – Алматы : Қазақстан, 1997. – 272 б.

Жұртбай, Т. «Бесігіңді аяла!..» [Мәтін] : монография-эссе / Т. Жұртбай ; ред. С. Жұртбай. – Астана : Фолиант , 2002. – 504 б. : портр. – (Отырар кітапханасы).

Әлем таныған – Әуезов [Мәтін] : әдістеме-библиографиялық жинақ / құраст. А. А. Сағатова . – Алматы : Бегалин атындағы МБК, 2013. – 68 б.

Картаева, А. М. Абайтану және Әуезовтану дәрістері [Мәтін] : оқулық / А. М. Картаева. – Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2015. – 290 б.