Ғабдуллин Серік

Ғабдуллин Серік (1937-2014) – ақын, журналист.

Серік Ғабдуллин Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Есенкелді ауылында 1937 жылдың 17 тамызында дүниеге келген. Ол сол кездегі – Шымқора, (қазіргі Ұлан ауылы) Жамбыл атындағы орта мектепті 1957 жылы бітіріп, республикамызда алғашқы игі бастама көтеріп, бүкіл сыныптастарымен сол кездегі Жамбыл атындағы колхоздың товарлы сүт фермасында комсомол бригадасын құрып жастық жалынмен еңбек етті. Отбасын құрды. 1959 жылы Шымқора ауылының клуб меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1960 жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы бітіреді.

Серік Ғабдуллин бала жасынан, оқушы кезінен әдебиетке, өлең өнеріне ынталанып, аудандық сол кездегі «Социалистік майдан» газетінде оның мөлтек жырлары, балауса өлеңдері жиі жарияланып жүрді. Оның өлеңге деген құштарлығы, табиғи дарыны, алдына қойған мақсаты, творчестволық талпынысы биік асуларға жетелей түсті. Университет қабырғасында жүргенде оның алғашқы туындылары жарық көрді.

Ол өзінің творчестволық жолын облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде әдебиет қызметкері болудан бастап, өлең өнеріне құлаш сермеп, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, талабы жоғары, талантты биік журналист екенін таныта бастады. Осы «Дидар» газетінде 1990 жылға дейін қызмет атқарды. 1991 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланып, 1995 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі секретарының орынбасары болып қоғамдық жұмыс атқарды.

Серік Ғабдуллаұлының барлық саналы ғұмыры облыс аумағында өтіп, оның өсу- өркендеу бағыты жөнінде көптеген мақақалар жазды. Өндірісті қаланың өнеркәсіп, құрылыс, білім беру мен мәдениет салаларына елеулі үлес қосқан қарапайым металлург, құрылысшы, жүргізуші, кенші, дәрігер, мұғалім т.б. салалардағы еңбек адамдарының табыстарын насихаттап, халық шаруашылығы саласындағы кемшіліктерді сын тезіне салды. Ол газет жанрының қарапайым түрі – хабардан бастап, суреттеме, репортаж, сұхбат, очерктерді бірдей меңгерді. Сондай-ақ, ол «Коммунизм туы» газетінде ай сайын тұрақты түрде «Жас дәурен» бетін ұйымдастырып, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосты.

Облыстық, қалалық комсомол комитеттерінің мүшесі болды. 1991 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болғанда оның қасынан Өскеменде тұратын ұлт өкілдерінің «мәдени орталығын» құруға бастама көтерді.   Облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебін ашты.  «Шабыт» және «Звено Алтая» ақындар мектептерінде жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына белсенді жетекшілік жасады. Осы шығармашылық ұйымдар күні бүгін жұмыс істеп келеді.

Оның қаламынан 1975 жылы «Көктем лебі» атты алғашқы жыр жинағы, 1978 жылы «Бұқтырма сарыны» атты жалпы жинаққа өлеңдері мен балладалары енді. 1982 жылы «Көктем-көк өрім шағым» өлеңдер жинағы, 1991 жылы «Ақ босаға», 1995 жылы «Жылдардан жеткен жаңғырық», 1998 жылы «Сөйле менің жүрегім» атты кітаптары оқырмандарымен қауышты.

Серік Ғабдуллаұлының  балаларға арнап жазған «Гимн жизни», «Над колыбелью сына», «Щедрость земли», «Чтобы стать человеком», «Зимние пейзажи» өлеңдері, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен жарық көрген Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының «Солнечный круг» атты балаларға арналған әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер жинағына еніп отыр.

Кәсіптік және қоғамдық жұмыстарды абыройлы атқарғаны үшін қырық жыл жүзінде ҚазақССР, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет, облыстық қалалық партия комитеттерінің жоғарғы марапатына ие болды. 2007 жылы Қазақстан республикасы Президентінің «Құрмет грамотасын», 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды. Өскемен қаласының құрметті азаматы.

С. Ғабдуллаұлы шығармалары

Кітаптар

Габдуллин, Серик. Седой тулпар [Текст] : стихотворения : пер. с каз. / Габдуллин С. – Усть-Каменогорск : ВКО отделение Союза писателей Казахстана, 2006.

Ғабдуллаұлы, Серік. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін] : екі томдық. 1-т. / С. Ғабдуллаұлы. – Алматы : Қазақпарат, 2007. – 336 б.

Ғабдуллаұлы, Серік. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін] : екі томдық. 2-т. / С. Ғабдуллаұлы ; ред. С. Байхонов. – Алматы : Қазақпарат, 2007. – 337 б.

Габдуллаулы, Серик. Я лёгкой жизни не искал [Текст] : поэтические переводы с казахского / С. Габдуллаулы. – Усть-Каменогорск : Шығыс полиграф, 2012.

Ғабдуллаұлы, С. Қас қағым [Мәтін] : өлеңдер / С. Ғабдуллаұлы; Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі. – Астана : Фолиант, 2013. – 344 б. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

С. Ғабдуллаұлы мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Габдуллин, С. Тамыр [Текст] : поэма / С. Габдуллин // Рудный Алтай. – 1989. – 8 декабря. –  С. 4.

Ғабдуллин, С. Серке сезім сөгіліп көбесінен [Мәтін] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1992. – 15

қыркүйек.

Ғабдуллин ,С. Кеңесхан досыма [Мәтін] : [жазушы К. Закеновке арналған өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1994. – 2 тамыз. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Ұрпаққа үнім жете ме… [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин  // Дидар. – 1995. – 17 қаңтар. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Қасым ағаға [Мәтін] : [Қ. Қайсеновке арналған өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1995. – 7 мамыр. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Тірлігінің дәніндей төгіпті өлең [Мәтін] : [Абайға арналған өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1995. – 5 тамыз. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Мешіт – имандылық ұясы [Мәтін] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1995. – 17 қазан. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Қасиетімізді қадір тұтайық [Мәтін] : [Өскемен мешіті хақында] /С. Ғабдуллин // Дидар. – 1996. – 20 шілде. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Тұлғасы тұтас Алтайым [Мәтін] : [О. Бөкейге арналған жыр жолдарынан] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1996. – 28 қыркүйек. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Тамырда бұлқынады түрік қаным [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1996. – 5 желтоқсан. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Сыңғырлаттым сезімнің сырғалы үнің [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1997. –  20 мамыр. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Ұлағатты ұл-қыздар [Мәтін] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1997. –  12 маусым. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Қазақ барда Мұхтар бар [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1997. – 8 шілде. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Қағып тұрмын алпысымның қақпасын [Мәтін] : [жыр-толғау] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1997. – 12 тамыз. – Б. 4.

Габдуллин, С. Стихи / С. Габдуллин // Рудный Алтай. – 1997. – 21 августа. –  С. 4.

Ғабдуллин, С. Ауылым- әнім едің [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1997. – 20 желтоқсан. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Адам туралы ақиқат (Бес таған) [Мәтін] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1998. – 24 наурыз. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Ертегідей ерліктер [Мәтін] : [поэмадан үзінді] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1998. – 18 сәуір. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Таңдау сенен, халайық [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1998. – 11 желтоқсан. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Шартарапқа шашырайды шабытым [Мәтін] : [жыр жолдарынан] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1999. – 16 наурыз. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Балдырған баладан данышпан данаға дейін [Мәтін] : [Тәуелсіздік күніне байланысты ой толғау ] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 1999. – 14 желтоқсан. – Б. 4.

Ғабдуллин, С. Армысың, үшінші мыңжылдық [Мәтін] : [өлен] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 2000. – 1 қаңтар. – Б. 1.

Ғабдуллаұлы, С. Ақиқатты айтар жалғыз жыр ғана [Мәтін] : топтама / С. Ғабдуллаұлы // Күміс күйме = Явь и сны : Қазақстандағы жаңа поэзия = Новая поэзия Казахстана. – Алматы : Комплекс, 2001. – Б. 49-58.

Ғабдуллаұлы, С. Салған ізі өшпейді [Мәтін] : [Есет Әукебаевтың 80 жасқа толуына] / С. Ғабдуллаұлы // Дидар. – 2001. – 25 желтоқсан. – Б. 4.

Ғабдуллаұлы, С. Елге тыныш өмір, тыңайған көңіл қажет [Мәтін] : [саяси көзқарас] / С. Ғабдуллаұлы // Дидар. – 2002. – 26 ақпан. – Б. 2. – Дидар газетінде жарияланған Уәлихан Тоқпатаевтың “Ханын сыйлаған халықпыз немесе қазіргі демократия жайлы ой толғам” атты мақаласына пікір.

Ғабдуллин, С. Кемеңгерім [Мәтін] : тілші-ғалым, түкітанушы, профессор Сәрсен Аманжоловқа / С. Ғабдуллин // Дидар. – 4 қазан. –  2003. – Б. 2.

Габдулин, С. Поэзия [Текст] / С. Габдулин // Ақ Ертіс = Иртыш. – 2003. – № 1. –  С. 64-67.

Ғабдуллин, С. «Қоңыр қоржын» қалтасы [Мәтін] / С. Ғабдуллин // Дидар. – 2005. –  7 маусым. – Б. 4.

Габдуллин, С. Седой тулпар [Текст] : из книги стихов / С. Габдуллин // Ақ Ертіс = Иртыш. – 2006. – № 4. –  С. 77-80.

Ғабдуллаұлы, С. Айтыстың алтын арқауы [Мәтін] : айтыскер  Қалихан Алтынбаев жайлы қанағат сөз / С. Ғабдуллаұлы  // Дидар. – 2006. – 16 желтоқсан. – Б. 6.

Ғабдуллаұлы, С. Қоңырау даусыңды іздеп жүрмін, Ораз… [Электрондық ресурс] : [әнші Ораз Кәкеев туралы] / С. Ғабдуллаұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2007. – № 5. – Б. 6-7.

Ғабдуллаұлы, С. Өзекті өмір өлшемі [Мәтін] / С. Ғабдуллаұлы // Дидар. – 2007. – 29 тамыз. – Б. 2.

Алтын тамыр[Мәтін] : Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана. 2-ші кітап : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. – Алматы : ҚазАқпарат, 2008. – Серік Ғабдуллаұлы: б. 3-86.

Ғабдуллаұлы  С. Қош келдің, наурыз! [Мәтін] / С. Ғабдуллаұлы // Ақ Ертіс=Иртыш. – 2008. –  № 2. – Б. 3.

Ғабдуллаұлы, С. Аңсадым құшағынды [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллаұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2009. – № 1.- Б. 43.

Тасқараұлы, А. Өлең сәулесі [Мәтін] : [С. Ғабдуллаұлының шығармашылығы] / А. Тасқараұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2009. – № 4. – Б. 23.

Ғабдуллаұлы, С. Шабытты шақтың шалқары [Мәтін] : [“Шабыт” ақындар мектебіне 15 жыл] / С. Ғабдуллаұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2009. – № 11. – Б. 18-19.

Ғабдуллаұлы, С. Қызғанамын [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллаұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2009. – № 11. – Б. 42.

Ғабдуллаұлы, С. Тірлік еріктірмейді, заман зеріктірмейді… [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллаұлы // Дидар. – 2010. – 18 тамыз. – Б. 5.

Ғабдуллин, С. Үңілсең жүрек түбіне [Мәтін] : [өлең] / С. Ғабдуллин // Жұлдыз. – 2010. – № 8. – Б. 37-39.

Ғабдуллаұлы, С. Түрік тегім, қан-тамырда ағылған [Мәтін] : өлеңдер / С. Ғабдуллаұлы // Ақ Ертіс. – 2011. – № 2. – Б. 58-69.

Ғабдуллаұлы, С. Төлеубай Байжұмаұлы. “Елін қорғаған Ерасыл-Қабанбай” [Мәтін] : [Т. Байжұмаұлының жаңа кітабы жарық көрді] / С. Ғабдуллаұлы // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2011. – № 5. – Б. 44.

Габдуллин, С. Стихи [Текст] / С. Габдуллин // Звено Алтая : история и современность. – Усть-Каменогорск : Либриус, 2011. – С. 50-55.

Габдуллин, С. Качество созревает на медленном огне, или Как сделать нашу культуру узнаваемой [Текст] / С. Габдуллин // Казахстанская правда. – 2013. – 15 марта. –  С. 24.

С. Ғабдуллаұлының қатысуымен шыққан басылымдар мен жарияланымдар

Қауырсын қанат [Мәтін] : поэзия антологиясы / редактор С. Ғабдуллаұлы . – Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2009. – 170 б. – «Шабыт» ақындар мектебіне –  15 жыл.

Медеуханұлы, Ә. Ақынның ажалы [Мәтін] : Шәкәрім қажы өмірінің соңғы күндерін баян ететін үш көріністі драмалық қойылым / Ә. Медеуханұлы; құрастырған С. Ғабдуллаұлы // Ақ Ертіс. – 2011. – № 1. – Б. 21-41.

С. Ғабдуллаұлы өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық – анықтамалық. – Алматы : Аруна, 2005. -Ғабдуллаұлы Серік. -Б. 146-147.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ғабдуллаұлы Серік. -Б. 308.

Құмарбекұлы, М. Өтті жылдар атой салып, ту ұстап… [Мәтін] : [ақын С. Ғабдуллиннің 60 жылдық мерейтойына орай] / М. Құмарбекұлы // Дидар. – 1997. – 16 тамыз. – Б. 4.

Қаңтарбаев, Ә. Ақын жүрек келеді көшеменен [Мәтін] : [С. Ғабдуллиннің “Сөйле менің жүрегім” атты кітабы жайында] / Ә. Қаңтарбаев. // Дидар. – 1998. – 21 наурыз. – Б. 4.

Сарсенбайқызы, Ғ. Туған елдің құрметі [Мәтін] / Ғ. Сарсенбайқызы // Дидар. – 2004. –  5 маусым. – Б. 6. – Ғабдуллин  С. (ол туралы).

Ахметқалиев, А. Серік Ғабдуллаұлы шығармашылығы туралы [Мәтін] / А. Ахметқалиев // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2010. – № 8.- Б. 39-42.

Қасым, А. Оттыққа деген құмарлығы керемет [Мәтін] : [ақын С. Ғабдуллиннің хоббиі туралы] / А. Қасым  // Дидар. – 2011. – 8 маусым. – Б. 5.

Молдағалиева, М. “Шәкірттерім – мақтанышым!” [Мәтін] : [ақын Серік Ғабдуллаұлының мерей тойы] / М. Молдағалиева // Өскемен. – 2012. – 20 қыркүйек. – Б.18.

Зиятханұлы, Қ. Өмірі өлеңмен өрілген жыр оғланы еді [Мәтін] : [ақын С. Ғабдуллинді еске алу кеші өтті] / Қ. Зиятханұлы  // Алдаспан. – 2015. – 26 ақпан. – Б. 12.

Дүргінбайұлы, Қ. Ақындық-үйретуді, ақыл айтуды қаламайтын өнер [Мәтін] / Қ. Дүргінбайұлы; сұхбат : Қ. Зиятханұлы  // Алдаспан. – 2015. – 23 қараша. – Б. 14. – Ғабдуллин С. (ол туралы).

Ақылбекқызы, А. “Серік Ғабдуллин оқулары” қаламызда алғаш рет өтті. [Мәтін] / А. Ақылбекқызы // Алдаспан. – 2016. – 11 ақпан. – Б. 12.

Литература Казахстана : энциклопедический справочник. – Алматы: Аруна, 2010. – Габдуллаулы Серик. – С. 129.

Сердце отдыха не знает [Текст] : [о Габдуллине  С.] // Рудный Алтай. – 2002. –  17 августа. – С. 7.

Деев, В. Песни, озаряющие степь [Текст] [о книге стихов С. Габдуллина “Седой тулпар”] / В. Деев // Рудный Алтай. – 2007. –  15 марта. – С. 6.

Поэзия, вдохновляющая на свершения [Текст] : [C. Габдуллаулы – 70 лет]// Рудный Алтай. – 2007. –  16 августа. –  С. 6.

Пуссеп, Г. Мир любви Серика Габдуллина [Текст] / Г. Пуссеп // Рудный Алтай. – 2007. –  29 августа. –  С. 15.

Каир, К. Где пестуют поэтов [Текст] : [о школе молодых поэтов “Шабыт”] / К. Каир // Рудный Алтай. – 2009. – 30 ноября. – С. 3. – Габдуллин С. (о нем).

Абдеева, Я. Я шагнул в новый век [Текст] : [о Габдуллине С.] / Я. Абдеева // Мәдениет жаршысы =Вестник культуры. – 2009. – № 11. –  С. 26.

Абдеева, Я. “Коль поэт, говори!” [Текст]: [о Габдуллине С.] / Я. Абдеева // Семь дней. – 2009. – 3 декабря. – С. 5.

Коксегенова, А. Служенье муз не терпит суеты [Текст] : [о школе юных поэтов “Шабыт”] / А. Коксегенова // Рудный Алтай. – 2012. – 4 февраля. –  С. 6. – Габдуллин С. (о нем).