Дінисламов Фатих

Дінисламов Фатих (1917-1965) – ақын, жазушы, аудармашы, сыншы.

Өмірбаяны

1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданы, Қарауыл  ауылында дүниеге келген. Он алты жасында орталау мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы «Ленин жолы» теміржол газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Осы қалада кеңес сауда техникумын бітіріп, Алматыдағы журналистика институтында оқиды.

1940-1942 жылдары Республикалық радио комитетінде редактор, орта мектепте мұғалім  болып қызмет істеген. 1944-1949 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданған.

1949 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ көркем әдебиет баспасында редактор болып қызмет атқарған. «Намыс» (1944 ж.), «Семсер» (1948 ж.) деген өлең жинақтары «Сырлы көл» (1950 ж.)  атты әңгімелер жинағы, «Ұшқын» атты повесі жарық көрді. Көптеген өлеңдер, әңгімелер мен повестер жазды. Ф. Дінисламов аударма ісімен де шұғылданған. Н. Гогольдің драмалық шығармаларын, А. С. Пушкиннің «Ұлы Петрдің арабы», «Пугачев тарихы» атты прозасын, А. Н. Островскийдің «Орман» пьесасын, А. П. Чеховтың әңгіме-повестерін, М. Горькийдің «Италия туралы ертегілерін» , С. Маршактың балаларға арналған «Мистер Твистер» деген поэмасын қазақ тіліне аударғын. Ол Грузия, Индия, Пәкістан жазушыларының біраз еңбектерін қазақ тіліне аударған.

Фатих Динисламов нағыз шығармашылық шағында, 1965 жылы  46 жасында дүние салды.

Шығармалары :

Дінисламов, Ф. Көл жағасында [Мәтін] : повесть, әңгімелер, өлеңдер / Ф. Дінисламов ; ред. Т. Дауренбеков ; құраст. Х. Әзімбаева. – Алматы : Жазушы, 1966. – 188 б.

 Қазақ балалар поэзиясының антологиясы [Мәтін] / құраст.: М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев ; алғы сөз авт. С. Қирабаев. – Алматы : Жалын, 1977. – 460 б. : портр.

Өзіұшар [Мәтін] : қазақ совет жазушыларының ертектері / ред. М. Шәжімова ; құраст. М. Айымбетов ; пікір жазған Қ Жұмағалиев. – Алматы : Жалын, 1990. – 304 б.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, «Аруна Ltd» ЖШС», 2005. – 175 б.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. – Б.175

Елікбаев, С . Т. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : оқушы анықтамасы 5-11-сыныптар / С . Т. Елікбаев. – Астана : Арман-ПВ, 2012. – 320 б. – (Талапкер).

Қазақстан жазушылары : ХХ ғасыр. Анықтамалық [Мәтін]. – Алматы. «Ана тілі» ЖШС. 2004. – 100 б.

Литература Казахстана : энциклопедич. справ. / М-во связи и информации РК. Комитет информации и архивов ; пер. М. Тнимов ; ред. К. Байгабулова. – Алматы : Аруна: Қазығұрт , 2010. – С. 145