Плотникова Ольга Александровна

Плотникова Ольга Александровна суретші. 1987 жылы 16 қаңтарда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ерте жастан бейнелеу өнеріне бейімділік танытты. Алғашқы суреттер әртүрлі тәсілмен, негізінен тұсқағазға салынды. Ата-аналары қызының шығармашылық дамуына ықпал жасады, сондықтан болашақта баланың суретке деген құштарлығы  жоғалып кетпеді. Әрі қарай ол балалар көркемсурет мектебінде дәріс алды, үзілісте сурет салып жүрді.

2009 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-тін бітіріп, кейін банкке жұмысқа түсіп, көп ұзамай бөлімше бастығына дейін көтерілді.

Шығармашылық биіктерге ұмтылған жас суреткер, банк жұмысын ары қарай жалғастыра алмады. 2014 жылы бұл ұмтылыс, Ольганың бақытына орай, керемет суретші – Н.П. Аштеманың студиясына әкелді, онда бірнеше жылдар ішінде кәсіби суретші болуға, өз кәсібін табуға көмектесті. Ол үшін ол қайтадан университетке оқуға түсті.

2017 жылы басқа студиялармен бірлесіп «Февральский вернисаж» және «Алтайская палитра» көрмелеріне; 2018 жылы жас суретшілердің шығармашылық бірлестігінің көрмесіне, сондай-ақ ШҚО суретшілерінің қорытынды көрмесіне қатысты.

2018 жылдан 2021 жылға дейін тас суретшісі болып жұмыс істеді.

 2019 жылы «Творчество молодых» көрмесінде 3-ші орынды иеленді; ШҚО суретшілерінің көрмесіне (Алматы қ.), сондай-ақ ШҚО суретшілерінің «Симфония красок Восточного Казахстана в ретроспективе» атты V мерейтойлық көрмесіне қатысты.

2020 жылы «ИЗО и черчение» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы мемлекеттік педагогикалық университетті үздік бітірді.

 2021 жылы «Алаш-Орда» көрмесінде 2-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ, 2021 жылы Алтай қаласында (Зырян) «Алтайская осень» атты алғашқы жеке көрмесі өтті, онда 22 жұмысы ұсынылды.

2022 жылы Семей қаласында Достоевский атындағы мұражайда «Встреча с прекрасным» атты екінші жеке көрмесі өтті, көрме барысында  ол көптеген жылы пікірлерге ие болды. Өскемен қаласында Шығыс Қазақстанның «Кочевник» шығармашылық даму және рухани-мәдени тәрбие Қоғамдық Қоры жанындағы сурет галереясында «Весенняя палитра» атты көрмесі өтті. Сондай-ақ, «Марат Байсалбаевты еске алу» көрмесіне, Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Алтайский натюрморт» көрмесіне қатысты, онда 15 жұмыс ұсынылды.

2022 жылдан бастап «Горный ручей» шығармашылық даму орталығында бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы.

Диплом алып, оқытушы болып жұмыс істеп жүрсе де, Н.П. Аштемнің  студиясына барып, онда дәріс алу, өмір салтына айналады. «Біз бірге дамимыз, қарым-қатынас жасаймыз, бірлескен пленэрлерге қатысамыз, тамаша уақыт өткіземіз. Ұстаз бізді шығармашылық қуатпен ынталантырады»,- деп Ольга, өз ойымен бөліседі.

2022 жылы ҚР суретшілер одағына қабылданды.

 Сондай-ақ, 2022 жылы облыстық «Личность в истории» бейнелеу өнері көрме-байқауында «Живописный портрет» номинациясында 3 орын алды.

2023 жылы Ерлан Маньяровпен және Евгения Зининамен бірге «Арт-трио» көрмесіне қатысты. Ол «Центр творческого развития Горный ручей его влияние на культурное развитие молодежи» атты ғылыми мақала жазып, онымен Иркутск өнер мұражайында «Сукачев оқуларында» баяндама жасады. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан өнер мұражайындағы «Тайны изобразительного искусства» көрмесіне қатысып, оның жұмыстары көптеген жылы лебіздерге  ие болды.

2023 жылдың желтоқсанында ол өзінің «5 чувств» арт-студиясын ашты, онда ол өз өнерін жалғастыруда.

Дереккөздер тізімі:

Мақалалар:

Плотникова, Ольга. Картины с душой / Бесед. Т. Краченко. – Текст // Рудный Алтай. – 2022. – 3 фев. (№ 13). – С. 16.

Ол туралы:

Плотникова, Ольга // Гуляева, Екатерина. Встреча с прекрасным / Е. Гуляева. – Текст // Рудный Алтай. – 2022. – 12 марта (№ 29). – С. 4.

Плотникова, Ольга // Кравченко, Татьяна. Трио кисти, карандаша и фантазии / Т. Кравченко. – Текст // Рудный Алтай. – 2023. – 4 мая (№ 52). – С. 8.

Плотникова, Ольга // Чех, Евгения. Творить, любить и вдохновлять… / Е. Чех. – Текст // Устинка плюс. – 2022. – 19 мая (№ 20). – С. 14-15.