Астафьев Иван Михеевич

Астафьев Иван Михеевич (1922-1945) – Кеңес Одағының Батыры.

Астафьев Иван Михеевич – 1-ші Беларусь майданы 2-гвардиялық танк армиясы 9-гвардиялық танк корпусы 369-гвардиялық Люблин өздігінен жүретін артиллериялық полкінің жүргізуші-механигі, гвардия аға сержанты.

1941 жылы қарашада Қызыл Армия қатарына алынып, 1942 жылы белсенді армия қатарында соғысты Батыс майданда атқыштар бөлімінде пулеметші болып бастады. Жараланып, госпитальда айыққан соң танк дайындау мектебіне жіберілді. Оқуды бітіргеннен кейін ол танк бөлімшесіне жүргізуші-механик болып тағайындалды. Польшадағы шайқастарда ерекше көзге түсті. 1945 жылдың 15 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында оның өздігінен жүретін зеңбірек экипажы бес бронетранспортерді, 11 зеңбірек пен 80 машинаны жойды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен фашистік басқыншыларға қарсы шайқаста көрсеткен ерлігі, батылдығы және қаһармандығы үшін гвардия аға сержанты Иван Михеевич Астафьевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Ол 1945 жылы 5 наурызда Германияның Волен қаласына шабуыл кезінде қаза тапты. Волхов ауылында (Ольхово, Новогардтың оңтүстік-батысында, Польша) жерленген. Шемонаиха қаласында оған ескерткіш орнатылып, әдемі бір көшеге есімі берілді. Усть-Таловка ауылында орта мектеп Иван Астафьев атымен аталды.

1986 жылы Өскемен қаласындағы 1-ші және 2-ші Широкие көшелері И.М. Астафьев көшесі болып өзгертілді.

И.М. Астафьев туралы әдебиеттер:

  • Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза – восточноказахстанцы: Мағлұматнама. – Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.6
  • Бесстрашные: Очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1964.- С. 58-63.
  • Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. – Алма-Ата : Казахстан, 1968. – Т.1. – С. 71-73.
  • Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. – М.: Воениздат, 1987. – Т. 1. – С. 84.
  • Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 23.

Интернет-ресурсы:

  • Астафьев Иван Михеевич [Электрондық ресурс] : [өмірбаяны] // Герои страны: сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=9687 (14.12.2020)