Мәдени-танымдық туризм

Шығыс Қазақстан туризмді дамыту әлеуетіне ие: өңірде жалпыұлттық маңызға ие 1,7 млн га аумақты қамтитын 24 табиғат қорғау аймағы, 600-ден астам тарихи және 100-ден астам туристік ескерткіштер бар.

Шығыс Қазақстан аумағы өзінің бірегей ландшафты мен биологиялық әралуандығына байланысты Халықаралық «WWF Living Planet» ұйымы айқындаған екі жүз басымдықты жаһандық экологиялық өңірлердің қатарына кіреді.

Облыстың әр аймағына тән 5 басым туристік түрді бөліп көрсетуге болады: экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласы); мәдени-танымдық туризм (Ұлан ауданында); емдік-сауықтыру туризмі (Катонқарағай ауданы); жағажай туризмі (Алтай, Ұлан, Күршім аудандары); тау шаңғысы туризмі (Глубокое, Алтай аудандары және Риддер қаласы); ауыл туризмі (Катонқарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласы).

Мәдени-танымдық туризм қазіргі демалыс индустриясындағы негізгі туризм түрлерінің бірі болып табылады. Мәдени-танымдық туризм деп — әлем мәдениетін рухани игеру және оны тікелей сезіну, түрлі орындарды аралау арқылы танып-білу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, ұйымдасқан демалыс пен экскурсиялық қызмет түрінде жүзеге асатын саяхаттардың әртүрлі түрлері түсініледі.

Әдебиеттер тізімі:

Төмендегі кітаптар мен мақалаларды оқи отырып, жан-жақты, толық ақпарат алуға кеңес береміз.

Кітаптар:

  • Асқаров, Әлібек. Марқакөл – Шанағаты немесе Қазақстанның ең суық нүктесіне сапар [Мәтін] / Ә. Асқаров. – Астана, 2017. – 80 б. – (Қазақ жерінің құпия сырлары).
  • Гумирова, Ольга. Қазақстан елімен сиқырлы саяхат = Волшебное путешествие по стране Казахстан [Мәтін]: әр түрлі жастағы балаларға арналады=для детей разных возрастов / О. Н. Гумирова; құраст. В. Кирилинская; суретші Д. Қастеев; ауд. Б. Қойшыбаев. – Шымкент, 2003. – 192 б.: түрлі-түсті суретті.
  • Елімнің алтын алқасы = Золотое ожерелье страны [Мәтін] : шығыс Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылында = Восточный Казахстан за 20 лет Независимости: фото-суретті кітап / ШҚО ішкі саясат басқармасы; құраст. Е. Нұрғалиев; ауд. Ж. Игісінов; суретші А. А. Мазницын. – Өскемен, 2011. – 368 б. : түрлі-түсті сурет. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.
  • Қазақ өнерінің тарихы [Мәтін]: үш томдық. 2-т. Орта ғасырлар дәуірі / ред. Б. Құндақбайұлы, Р. Ә. Ерғалиева, С. Ә. Күзембаева; ауд. Р. Әбдіғұлов, Л. Жұмабекова, Г. Жұваниязова. – Алматы, 2007. – 392 б.: ил. – (Мәдени мұра / қоғамдық кеңес құрамы: М. Әшімбаев, Ә. Асқаров, С. Абдрахманов т.б. ).

Мақалалар:

  • Анаш, Думан. Сібе көлдерінің сәні кіреді [Мәтін] / Д. Анаш // Егемен Қазақстан. – 2016. – 23 қыркүйек (№182). – Б. 7.
  • Әбіш, Ержан. Еліміздегі ең таңдаулы демалыс аймақтары [Мәтін] / Е. Әбіш // Дидар. – 2012. – 2 тамыз (№89). – Б. 13.
  • Қалдыбекұлы, Ә. Сібедегі туризмнің болашағы қандай? [Мәтін] / Ә. Қалдыбекұлы // Дидар. – 2008. – 20 мамыр (№65). – Б. 6.
  • Төлеуов , Сайлау. Бұқтырманың бұғып жатқан сыры көп [Мәтін] : [Бұқтырма су қоймасы туралы] / С. Төлеуов // Дидар. – 2011. – 31 қазан. – Б. 1-2.

Электронные ресурсы: