Біздің сапарымыздың келесі нүктесі – Шекелмес тауы. Бұл Зайсан көлінің жағасындағы тағы бір табиғи керемет «Таулы рухтар қамалы».
Шекелмес таулары Қиын Керіш жазығынан 20 шақырым жерде, Зайсан көлінің жағасында орналасқан. Олар жел мен жаңбыр мүжіп түрлі пішінге келтірген сазды және құмды таулардан тұрады. Шекелмес шатқалдарының қималарында, жолыңыз болып жатса, ежелгі қолтырауындардың, саламандрлардың сүйектерін, динозавр жұмыртқаларының қабықтарын, көне өсімдіктер қалдықтарын және басқа да қызықты заттарды табуға болады. Ал жағалауда туристер көл толқындары жылтыратып, тегіс еткен мөлдір гипс сынықтарын жиі жинап жүр.
Бұл маңда бірқазан мен қарақұтандардың үлкен топтары мекендейді. Олар күннің жылуына бөленіп, құмды жағалауда жатқанды жақсы көреді. Бұл жердің күнбатысы ерекше әдемі: бататын күннің түстері көлге түсіп, шөл ландшафтына қанық әрі жарқын реңдер — қызғылт, қызыл, сары түстер береді. Түнде аспан өте қою қараңғы, алып жарқыраған жұлдыздарға толы. Түнгі ауаны шөл шөптерінің қанық, ерекше иісі, жылы жел және толқындардың сылдыры толтырады. Мұның бәрі келген қонақтарды тәнті етіп, ұмытылмас әсер қалдырады…
Бұл өңірде жойылып кету қаупі төніп тұрған сирек жануарлар да мекендейді: тарғақ, дуадақ, қара құрсақты дуадақ, жедет торғай. Алайда шөлді аймақ тиісті түрде қорғалмағандықтан бұл жануарлар толық жойылу шегіне қарай бет алуда. Дәл осы жерден Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырының шекарасы өтеді. Бұл шекара айқын байқалады, себебі жазық шөл бірден қураған жарқабақтармен тілімденген таулы жоталарға ауысады. Дәл осы ерекшелік бұл өңірдің флорасы мен фаунасының аралас болуына себеп. Мұнда тау мен шөлді аймаққа тән тіршілік иелерін қатар кездестіруге болады.
Әр адам өмірінде бір рет болса да бұл жерге келіп көруі тиіс.