Горбачёв Николай Андреевич

Горбачёв Николай Андреевич (1923–2000) – жазушы.

1923 жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Балғын ауылында дүниеге келген. Болашақ жазушы туған өлкесінде бар болғаны жеті жыл ғана тұрғанымен, балалық шақтағы әсерлері – жазық далалар, биік таулар, қазақтың көші-қоны – жадында мәңгі сақталды.

Кавказда жетіжылдық мектепті, Ростов теңіз техникумын бітірген. 1942 жылдың қазанынан 1948 жылға дейін Совет Армиясы қатарында қызмет етті, Ұлы Отан соғысына қатысты.

1960 жылдары «Москва», «Октябрь» журналдарының редакцияларында жұмыс істеп, әңгіме мен очерктер жаза бастады. Тұңғыш кітабы – «Возвращение» (1961). Әскердегі түбегейлі өзгерістер туралы шығармалары: «Дайте точку опоры» (1973), «Ударная сила» (1973), «Битва» (1979), «Перед концом света» (2000).

1975 жылы Шығыс Қазақстанға келіп, Кенді Алтайдың тыл еңбеккерлері туралы «Белые воды» (1984) романын жазды. Бұл шығарма үшін Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесі мен КСРО Жазушылар одағының сыйлығын иеленді. «Белые воды» трилогиясы («Бергалы», «Свинец», «Смертные») Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кенді Алтай еңбеккерлерінің ерлігіне арналды. Бұл туынды – жазушының туған жерге деген перзенттік тағзымы.

1982 жылы эпопеяның бірінші кітабы «Бергалы» М. Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығына және А. Фадеев атындағы әдеби сыйлыққа ие болды. Еңбекшілер туралы үздік көркем шығармаға арналған Бүкілодақтық байқауда алған сыйақысын жазушы туған ауылы Балғында мектеп салу қорына тапсырды.

Н. Горбачёв КСРО Жазушылар одағының хатшысы болып сайланды, Әдеби қорды басқарды, М. Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары курстарын басқарды.

Марапаттары:
– М. Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығы (1981) – «Битва» романы үшін;
– Еңбек Қызыл Ту ордені;
– Отан соғысы II дәрежелі ордені;
– Қызыл Жұлдыз ордені;
– «Достық» ордені;
– «Ерлігі үшін» медалі;
– «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі;
– «1941–1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медалі.

Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласының және Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

2000 жылдың 30 қыркүйегінде Мәскеуде қайтыс болды.

Н. А. Горбачёвтің шығармалары (қазақша):

 

  • Горбачёв, Н. А. «Белые воды» (Ақ өзендер): роман. 1-ші, 2-ші кітап. – М.: Сов. писатель, 1985. – 728 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Битва» (Шайқас): роман. – М.: ДОСААФ СССР, 1988. – 446 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Время ураганов» (Дауылдар уақыты): романдар. – М.: Современник, 1989. – 750 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Звёздное тяготение» (Жұлдыз тартылысы): повестер. – М.: Молодая гвардия, 1985. – 395 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Иду в шинели» (Шинельмен жүрмін) – М.: ДОСААФ, 1983. – 269 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Ракеты и подснежники» (Зымырандар мен бәйшешектер): повесть. – М.: Воениздат, 1963. – 200 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Сказание о ракетчиках» (Зымыраншылар туралы дастан) – М.: ДОСААФ, 1969. – 207 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Смертные» (Өлімділер): роман. – М.: Сов. писатель, 1991. – 480 б.
  • Горбачёв, Н. А. «Театральные сезоны в школе» (Мектептегі театр маусымдары): 2-кітап. – М.: Школьная Пресса, 2003. – 128 б.

Горбачёв туралы әдебиеттер (қазақша)

  •  Немцев, М. С. Под белками Изумрудного Алтая – әдеби портреттер. – Өскемен, 2016.
  • Писатели и поэты Восточного Казахстана – әдебиеттер көрсеткіші. – Өскемен, 1989.
  • Черных, С. Е. Под небом Алтая – әдеби сын. – Алматы, 1988.

 Мақалалар

  • Встречи с автором «Белых вод» // Рудный Алтай, 1982.
  • Новиков, М. Первая премия – роману «Белые воды» // Рудный Алтай, 1984.
  • Сакун, Г. Родному краю посвящается // Рудный Алтай, 1982.