Алтай Асқар

Алтай Асқар (Асқар Құмарұлы Алпысбай) (1963 ж.) – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. КазПИ-ді (1984, қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) аяқтағаннан кейін Алматы облысындағы Құртин аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқановтың үй-мұражайында кіші ғылыми қызметкер, Қазақ телевидениесінің «Алатау» арнасында жауапты редактор, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1989–1994 жж. – «Жұлдыз» журналында редактор, әдеби сын бөлімінің меңгерушісі; 1994–1995 жж. – «Ер Даулет» ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары; 1995–1998 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің «Финансы» журналының бас редакторының орынбасары, кейін бас редактор; 1998–2004 жж. – «Атамұра» баспасының жетекші редакторы. 2004 жылдан бастап – «Арда» баспасының бас директоры.

Асқар Алтай – «Қызыл бөлтірік», «Қара бура», «Қаладағы құтпандар», «Жолаушы (Оқырманның әңгімесі)» атты отыздан астам әңгіме, повестердің, сондай-ақ «Алтай балладалары», «Алтайдың алқызыл модағайы», «Қайың сауған, ел ауған», «Сират (Алтай сагасы)», «Туажат (Тамұққа түскен сәуле)» романдарының авторы. Оның шығармалары Англияда, Түркияда, Қытайда және Ресейде жарияланған.

Асқар Алтай – халықаралық Сорос қорының әдебиет конкурсының жеңімпазы (1996), Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты (1999), халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2001), Франц Кафка атындағы алтын медаль иегері (2011). 2017 жылы мәдениетті дамытуға қосқан еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.**

Алтай А. шығармалары

Асқар Алтайдың шығармалары

Алтай, Асқар. Таңдамалы: әңгімелер мен новеллалар. 1-том / А. Алтай. – Алматы, 2022. – 400 б.

Алтай, Асқар. Таңдамалы: повестер, әңгімелер, роман. 2-том / А. Алтай. – Алматы, 2022. – 400 б.

Алтай, А. Қыр мен қала хикаялары [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / А. Алтай. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.

Алтай, А. Алтай новелласы [Мәтін] : роман-миф. – Алматы: Өлке, 2001. – 292 б.

Алтай, Асқар. Казино: абсурд әлем новеллалары / А. Алтай. – Алматы: Атамұра, 2008. – 368 б.

Алтай, А. Киллер сауысқан [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / А. Алтай. – Алматы: Арда+7, 2013. – 400 б.

Алтай, А. Сират [Мәтін] : Алтай сагасы : роман / А. Алтай. – Алматы: Арда, 2014. – 376 б.

Алтай, Асқар. Дегелеңдегі қызыл күн : әңгімелер мен повестер / А. Алтай. – Алматы: Арда+7, 2017. – 232 б.

Асқар Алтай шығармалары туралы

Мантаева, А. Талғампаз талант [Мәтін] / А. Мантаева // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 9–15 маусым. – Б. 9. – Жазушы Асқар Алтайдың шығармашылығы туралы.

Алтайқызы, Ә. Алтайдың Асқары [Мәтін] / Ә. Алтайқызы // Әдебиет айдыны. – 2007. – 10 мамыр. – Б. 10. – Жазушы Асқар Алтайдың “Алтайдың алқызыл модағайы” романы туралы.

Меңдеке, Ә. Соқыр қоғам, соқыр ұрпақ, соқыр… [Мәтін] / Ә. Меңдеке // Жас Алаш. – 2008. – 17 сәуір. – Б. 5. – Жазушы А. Алтайдың “Қазақ әдебиеті” газетінде (21 наурыз, 2008 ж.) жарық көрген “Көзжендет” әңгімесі туралы.

Меңдеке, Ә. Сайтанның тілегі [Мәтін] / Ә. Меңдеке // Жас Алаш. – 2009. – 21 сәуір. – Б. 5. – Жазушы Асқар Алтайдың “Көзжендет” әңгімесі бойынша Қ. Отарбайдың салған суреті туралы.

Ментебаева, А. Туажаттың тылсым образы [Мәтін] / А. Ментебаева // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 21–27 қыркүйек. – Б. 10, 15. – “Туажат” немесе “Тамұққа түскен сәуле” роман-модерн туралы.

Тұрантегі, Д. “Туажат” романы хақында бірер сөз [Мәтін] / Д. Тұрантегі // Жұлдыз. – 2012. – № 6. – Б. 172–176. – Жазушы А. Алтайдың “Туажат” романы жөнінде.

Майтанов, Б. Ар ісін асқақтатқан [Мәтін] / Б. Майтанов // Жұлдыз. – 2013. – № 4. – Б. 177–182. – Жазушы А. Алтайдың “Алтай балладасы” романы туралы.

Муталиева, Р. Алтай балладасы [Мәтін] / Р. Муталиева // Ана тілі. – 2013. – 14–20 ақпан. – Б. 5. – Жазушы Асқар Алтайдың “Алтай балладасы” романы жайында.

Әбдірайым, Т. Көкбөрі рухты суреткер [Мәтін] / Т. Әбдірайым // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 8–14 ақпан. – Б. 10. – Жазушы Асқар Алтай шығармалары туралы.

Тұрсынбайұлы, Б. Қазақстандық және қазақ жазушысы [Мәтін] / Б. Тұрсынбайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 22–28 қараша. – Б. 1, 4.

“Киллер сауысқан” [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 7–13 ақпан. – Б. 2. – Жазушы Асқар Алтайдың “Киллер сауысқан” атты повестер мен әңгімелер жинағының жарыққа шығуы туралы.

Әліәкпар, Ә-С. Мифтiң жарқылы [Мәтін] : Асқар Алтайдың “Казино” әңгімесі бойынша / Ә-С. Әліәкпар // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 27 маусым – 3 шілде. – Б. 10. – Прозадағы сюжет құру тәсілдері жөнінде.

Меңдеке, Ә. Қоғам қоясын ақтарған суреткер [Мәтін] / Ә. Меңдеке // Жамбыл. – 2014. – № 5/6. – Б. 186–190. – Жазушы Асқар Алтайдың “Көзжендет” әңгімесі туралы пікір.

Самрат, Ж. Адамдар. Жылдар. Тағдырлар [Мәтін] / Ж. Самрат // Егемен Қазақстан. – 2015. – 20 қазан. – Б. 8. – Жазушы Асқар Алтайдың “Сират” романы туралы.

Түсіпхан, Н. Жазушы жауапкершілігі [Мәтін] / Н. Түсіпхан // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 1–7 сәуір. – Б. 7. – Жазушы Асқар Алтайдың “Туажат” романы туралы.

Асқар Алтай туралы әдебиеттер

Кітаптар

Балтабаева, Г. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы [Мәтін] : оқу құралы. – Алматы, 2012. – Қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропология көріністері: Б. 143–160.

Алтай Асқар // Картаева, Айжан Маратбекқызы. Әдеби өлкетану: Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша : оқу құралы / А. М. Картаева. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2016. – Б. 85–86.

Алтай Асқар // Шығыс жұлдыздары : энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы ; ред. Қ. Құрмансейіт. – Астана: Фолиант, 2011. – Б. 19.

Литература Казахстана : энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2010. – 56-б.

Мақалалар

2001–2002 жылдардағы халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаттары [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 28 наурыз – 3 сәуір. – Б. 2.

Бектасова, Г. Ауғанстанға барғысы келген Асқар [Мәтін] / Г. Бектасова // Түркістан. – 2013. – 14 ақпан. – Б. 10. – Жазушы Асқар Алтай туралы.

Тәшен, Т. Табиғат туындыгері [Мәтін] / Т. Тәшен // Айқын. – 2013. – 8 ақпан. – Б. 5. – Жазушы Асқар Алтай туралы.

Кадыров, Б. ХХ ғасыр тарихынан [Текст] / Б. Кадыров // Казахстанская правда. – 2015. – 21 қазан. – 8-б. – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Асқар Алтайдың “Сират” романының таныстырылымы өтті.