Бажов Павел Петрович

Бажов (Бахеев) Павел Петрович (1879–1950) – жазушы, публицист, журналист.

Балалық шақта Павел Бажовтың ертегілерін оқып қызықпайтын адам кемде-кем. Оның «Малахит сандығы» – қиялды тербейтін, өзіндік дара тілімен ерекшеленетін, тылсым да сиқырлы әлемді ашқан нағыз шедевр. Бір кітапқа топтастырылған осы ертегілері арқылы Павел Бажов әлемге әйгілі жазушы атанды. Алайда көпшілік Орал ертекшісінің есімі Қазақстанның шығысындағы Кеңес өкіметін орнату үдерісімен тығыз байланысты екенін біле бермейді.

П. П. Бажов 1879 жылы 27 қаңтарда Екатеринбург уезінде Сысерт зауытының жұмысшысының отбасында дүниеге келген. Пермь діни семинариясын бітірген соң Екатеринбург рухани училищесінде сабақ берген.

Павел Бажовтың өміріндегі ең мазмұнды кезең – біздің өлкеде Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдар. Ол журналистік қызметке белсене араласып, «Өскемен уездік ревкомының Известиясы» атты большевиктік газеттің редакторы болды.

Ол кезде халықтың көпшілігі сауатсыз еді, сондықтан Павел Петрович алдымен қойылған міндет ретінде жалпыға бірдей оқытуды қолға алды. Оның бастамасымен халық арасындағы сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Кітапхана ісін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Павел Петровичтің ықпалымен Халық үйінде (қазіргі Жамбыл атындағы облыстық драма театры) орыс театр труппасы қайта жұмысын бастайды және уездегі алғашқы қазақ ұлттық труппасы құрылады. Ол мұғалімдер курстарын ұйымдастырады, сауатсыздықты жою мектептерін ашады, Риддер кенішін қалпына келтіруге қатысады.

П. П. Бажовтың бастамасымен Өскеменде «Алтай буыны» («Звено Алтая») әдеби бірлестігі пайда болды.

Ол бұдан да көп іс тындырар еді, бірақ денсаулығы сыр бере бастады. 1921 жылы Павел Бажов Өскеменнен кетуге мәжбүр болды.

Жергілікті әдеби ортада Павел Петровичтің дәл осы Риддер Алтайының етегінде тау-кен жұмысшыларынан «бериллийдің жарқыраған асыл гүлі» жайлы аңызды естігені айтылады. Кейін бұл сюжет оның әйгілі «Малахит сандығы» жинағына енген. Бұл шындық па, жоқ па – тарих нақты дерек қалдырмаған.

2003 жылы Өскеменде белгілі жазушының құрметіне Павел Бажовтың үй-мұражайы қалпына келтірілді. Бұрын XIX ғасырдың соңында салынған бұл ағаш үй мықтап тозып, қираудың аз-ақ алдында тұрған. Этнографиялық музей дирекциясының еңбегінің арқасында Бажов үйі құтқарылып, қайта қалпына келтірілді. Қазір музей есігі көпшілікке айқара ашық.

Шығысқазақстандықтар П. П. Бажовтың есімін құрмет тұтады. Қаланың ең үлкен көшелерінің бірі оның атымен аталады.

П. П. Бажовтың шығармалары

  • Бажов, Павел Петрович. Жасыл бие [Мәтін] : повесть / П. Бажов. – Мәскеу : Детская литература, 1970. – 64 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Жасыл бие [Мәтін] : повесть / П. П. Бажов. – Мәскеу : Детская литература, 1976. – 64 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Таңдамалы шығармалар [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / П. П. Бажов. – Мәскеу : Правда, 1986. – 448 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Мыс тау иесі [Мәтін] : урал ертегілері / П. Бажов. – Мәскеу : Стрекоза-Пресс, 2003. – 160 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Күміс тұяқ [Мәтін] : ертегі / П. П. Бажов ; ред. Н. М. Мартынова ; суретші Ю. Лышко. – Мәскеу : Детская литература, 1988. – 16 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Синюшкин құдығы [Мәтін] : әңгімелер / П. Бажов ; ред. Н. Каткова ; суретші Л. Полстовалова. – Свердловск : Орта-Урал кітап баспасы, 1973. – 25 б.
  • Бажов П. П. Малахит сандығы [Мәтін] / П. Бажов. – Минск : В. И. Ленин атындағы ВГУ баспасы, 1979. – 335 б.
  • Бажов П. П. Малахит сандығы [Мәтін] / П. П. Бажов. – Мәскеу : Правда баспасы, 1980. – 640 б.
  • Бажов, Павел Петрович. Көк жылан [Мәтін] : «Малахит сандығы» кітабынан ертегі / П. П. Бажов. – Свердловск : Орта-Урал кітап баспасы, 1965. – 140 б.

П. П. Бажов туралы әдебиеттер

  • Горева, Валентина. Уралдың ертекшісі [Мәтін] / В. Горева // Мир библиографии. – 2012. – №5. – 73–74-б. : сур.
  • Дурново, И. Редактор, журналист, жазушы [Мәтін] / И. Дурново // Рудный Алтай. – 2009. – 29 қаңтар (№ 11–12). – 8-б.
  • Дурново, И. Бажовтың Өскемендік хикаялары [Мәтін] / И. Дурново // Аргументы и факты. Казахстан. – 2009. – 24–30 маусым (№ 26). – 10-б.
  • Қозыбаев, Сағымбай. Сөз өміршең [Мәтін] / С. Қозыбаев // Рудный Алтай. – 2013. – 7 наурыз (№ 27). – 4-б.
  • Кулев, Илья. Қиын уақыт туралы хикая [Мәтін] / О. Шепель // Семь дней. – 2009. – 15 қазан (№ 41). – 17-б.
  • Паршкова, Е. М. Малахит сандықтағы ертегілер [Мәтін] / Е. М. Паршкова // Дружные ребята. – 2014. – 4 наурыз (№ 9). – 6-б.
  • Просекова, Ольга Анатольевна. Ертегілер мозаикасы [Мәтін] / О. А. Просекова // Читаем, учимся, играем. – 2008. – №10. – 4–11-бб.
  • Россинская, Светлана. Павел Бажовтың малахит арманы [Мәтін] / С. Россинская // Ваша библиотека. – 2014. – №13. – 14–27-бб.
  • Стасенко, Людмила. Тастың тылсым тартылысы [Мәтін] / Л. Стасенко // Лазурь. – 2013. – №7. – 19–22-бб.
  • Трухачева, Ксения. Мыс тау иесі [Мәтін] / К. Трухачева // Мой город. – 2015. – 19 наурыз (№12). – 20-б.