Шемонаиха ауданы

1928 жылы Шығыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде құрылған. Глубокое және Бородулиха аудандарымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеседi. Ауданның аумағы — 4 мың шаршы шақырым. Ауданда жалпы саны 45,7 мың адам тұрады, бiр шаршы метрде халықтың тығыздығы — 11 адам.

Шемонаиха қаласы әкiмшiлiк орталығы болып табылады, он жетi мыңнан астам адам тұрады. Елдi мекендер келесi тұрпатта көрсетiлген: бiр қала, екi кент, 37 ауыл.

Ауданда минералды-шикiзаттық қоры бар, атап айтқанда полиметалдық кендер, құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасын бар. Ауданның базалық салалары — ауыл шаруашылығы және кен өндiру саласы. Экономика құрылымында өнеркәсіп 45 пайызды, ауыл шаруашылығы 34 пайызды, сауда 12 пайызды, қаржы салымы 9 пайызды құрайды.

Ауданның климаты оның Алтай тауларының жерінде орналасуына байланысты тым нысты тым континенттік әрі қатал болып келеді. Қысы суық әрі ұзақ, жазы қоңыржай жылы. Қаңтарда ауданның орташа температурасы -18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 400–800 мм.

Жер беті сулары Ертістің біршама үлкен саласы — Оба өзені мен оның көптеген салаларынан тұрады. Жер жамылғысы негізінен таулық-ормандық сұр, күлгін қара топырақты. Өсімдіктерден жазық бөлігінде селеу, бетеге, еркекшөп, бидайық, т.б. адырлы шығыс жағында майқарағай, қайың, терек, мойыл, қарақат, итмұрын тараған. Жануарлар дүниесі қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр, аю, марал, бұғы, елік, құдыр, сілеусін, құндыз, шіл, кекілік, жапалақ, үкі, сауысқан, қарға, т.б. тұрады.

Әдебиеттер тізімі:

  • Бақытқызы, А. “Уба” – денсаулық сарайы // Дидар. – 2003. – 5 шілде. – Б. 10.
  • Сәрсенбайқызы, Ғ. Шырайлы да шұрайлы Шемонайха жері : [Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Шемонайха ауданының өткені мен бүгіні туралы көлемді мақала, аудан әкімі Александр Гречухинмен сұқбат] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Дидар. – 2001. – 4 желтоқсан. – Б. 2.
  • Шемонаиха ауданы [Мәтін]. – ш.ж. ж.: б.ж., ж.ж. – 18 б.
  • Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно – Казахстанской области. – Өскемен; б. ж.: [б. и.], 2006. – 254 б.
  • Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі. – Өскемен: [б. ж.], 2006. – 264 б.