Серебрянск

Серебрянск қаласы Үлбі жотасының оң жақ бетінде, Өскемен су қоймасының оң жақ жағалауында орналасқан. Су қоймасының оң жақ жағалауындағы саяжай алабының астындағы жердің шамалы бөлігі де қала жерлерінің құрамына кіреді. Қала шегіндегі жердің жалпы алаңы 2574 гектарды құрайды. Елді мекен Бұқтырма СЭС-і құрылғанда гидроқұрылысшылар кенті ретінде пайда болды, қала статусын 1962 жылы алды. Қалада  әртүрлі меншік нысанындағы  59 шаруашылық субъектілер қызмет етеді; оның ішінде өндірістік кәсіпорындардан – 2, көліктен – 4, орта және шағын бизнестен – 20. Қаланың негізін салушы кәсіпорын болып тыныс органдарын қорғайтын құралдар және халық тұтынатын тауарлар шығаратын “Серебрянск  бейорганикалық өндіріс зауыты” ЖШС-гі мен гидростанциясының қуаттылығы бойынша республикамыздағы екінші электростанция болып табылатын “Қазцинк” ЖШС Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені болып отыр. Қаланың тіршілігін біріктірілген коммуналдық кәсіпорын  “Бұқтырма ИнфраСервис” қамтамасыз етеді.  Өскемен – Зырян қалаларындағы теміржол тармағы ірі теміржол торабы болып табылады. Мұнда теміржол көлігінің үш кәсіпорыны бар.  Су кемелерінің Бұқтырма бөгетінен өтуін – Бұқтырма шлюзі су транспорт кәсіпорыны қамтамасыз етеді. Қала жақын елді мекендермен, аудандармен, облыс орталықтарымен автобус қатынасы арқылы байланысады және “Восточное кольцо” автотрассасында жол бар. Орта және шағын бизнес кәсіпорындары азық – түлік, тігін бұйымдарын, құрылыс материалдарын дайындаумен айналысады. Қалада  жалпы білім беретін 3  мектеп бар, соның ішінде біреуі мемлекеттік тілде, технологиялық колледж және құрылыс колледжінің филиалы бар. Сонымен қатар, қалада сана – сезімінің дамуы артта қалған жетім  балалар үшін облыстық түзеу жартылай орта мектеп – интернаты және девиантты мінез – құлықты балалар үшін облыстық арнаулы мектеп бар.  Қала тұрғындары мен қонақтарына мәдениеттік қызмет көрсетуді “Досуг” шығармашылық үйі, қалалық кітапхана жүзеге асырады, спорттық және музыка мектептері бар, балабақша қызмет етеді. Бұқтырма және Өскемен су қоймалары массаларының жақындығынан суық ауа ағымы болады, одан биік тау тізбектері қорғайды, бұл қаланың климатын бірталай жеңіл етеді және құнарлы тау қара топырғы жақын жердегі елді мекендерде өспейтін жеміс – жидек мәдениетін отырғызуға, өсіруге мүмкіндік туғызады.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

Кітаптар:

  • Город Серебрянск [Текст] // Книга памяти = Боздақтар : Восточно-Казахстанская область = Шығыс Қазақстан Облысы [Текст] : посвящается 50-летию победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. : Книга памяти войнам, павшим за Родину. / ред. А. Нысанбаев. — Алматы : Қазақстан энциклопедиясы, 2000. — Т. 6. – С. 396-504.
  • Кто есть кто в Прииртышье [Текст] : бизнес-путеводитель по Восточно-Казахстанской и Павлодарской областям / авт. и рук. проекта А Бейсембаев ; зам. ред. А. Искаков ; фот. А. Демишев, Д. Баус. — Усть-Каменогорск; Семипалатинск : Ариекс, [2001?]. — 104 с.

 Мақалалар:

  • Вторая жизнь [Текст] // Рудный Алтай. — 2012. — 24 апр. (№ 47). — С. 3.
  • Минченко, Владимир. Город замедленного действия [Текст] / В. Минченко // Рудный Алтай. — 2012. — 12 окт. (№ 120). — С. 12-13.
  • Нанотехнологии в защиту экологии [Текст] // Экономика и право Казахстана. — 2010. — № 22. — С. 7-8.
  • Сосновская, Оксана. Разряд, еще разряд… забилось сердце Серебрянска [Текст] / О. Сосновская // Рудный Алтай. — 2018. — 1 марта(№ 25). — С. 9.
  • Абенова, Светлана. Жизнь в Серебрянске налаживается [Текст] / С. Абенова // Казахстанская правда. — 2012. — 18 мая (№ 142-143). — С. 8.
  • Сосновская, Оксана. Муравьев-Апостол шил сапоги [Текст] / О. Сосновская // Рудный Алтай. — 2016. — 11 июня (№ 69). — С. 5.