Бұқтырма су қоймасы

Тамаша, көркем пейзаж!

Бухтарма суЕртіске Алтайдан келіп құятын Бұқтырма ГЭС-і 1960 жылы салынды. Ол ШҚО орталығы Өскеменнен 100 шақырым жерде. Қазір тек су тасқынының алдын алып қана қоймай, Ертісте кеменің жүзуін ретке келтіреді. Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстанның туристік нысанына да айналған.

Оның аумағы шамамен 5,5 мың шаршы шақырым және орташа тереңдігі 9,5 м. Шартты түрде екіге бөлінеді: өзендік (Қара Ертіс және оның салалары – Бұқтырманың басы, Нарын, Моншақұр сарқырамасы) және Зайсан көлі (судың көптеп жиналуынан өзеннің ірі көлге айналуы). Су қоймасының айналасы қайың, самырсын, балқарағай өскен Алтай тауының сілемдері.

Ертіс пен оның тармақтарын балықшылар үшін жұмақ мекен десе де болады. Шортан, табан, алабұға, қараауыз, сазан, аққайран, бахтах, лақа, мөңке, көксерке және тағы басқа балықтардың алуан түрі бар. Су қоймасының жағасына 20-дан астам демалыс орны салынған. Тек еліміз ғана емес, шетелдіктерді қонақ қып күтуге болады. Ел ең көп баратын демалыс орны – су қоймасының сол жағындағы Жаңа Бұқтырма кенті.

Еліміздегі тұщы су қорының 40%-ы Шығыс Қазақстан облысында. Санақ бойынша ұзындығы кем дегенде 10 шақырым болатын 900-ге жуық өзен, көлемі 1 гектардан асатын 1000 көл бар.