ШЫБЫНДЫКӨЛ (ЖОҒАРЫ ТАЙЫНТЫ)

Шыбынды колШыбынды көлі – Өскемен қаласының тұрғындарының сүйікті демалыс орны. Шыбынды көлінің орташа ұзындығы — 1648 метр, орташа ені — 550 метр, тереңдігі — 6,7 м. Бұл жерде адамдар жартастар мен қарағайлы таулар арасында, суы тұп-тұнық, тынық көл жағасында, қайыңды, бұталы шоқ орманның ортасында дем алады. Көлдің бір жағын қылқанды өсімдіктермен жабылған көркем таулар қоршаған. Баурайында өсетін бұталар арасынан жидек теруге, ал жоғарырақ көтерілсең саңырауқұлақтар жинауға болады. Көлде балық аулауды сүйетіндер де сүйікті істерімен айналыса алады. Жазда көл жақсы жылиды, демалушылар шомылудан ләззат алады. Қыста да қызықты демалу үшін балық аулап, топпен коньки тебуге болады. Шаңғымен серуендеудің өзі ерекше ғанибет. Қарағайдың хош иісіне толы ауасымен демалғанның өзі бір ғанибет. Ал сіздің жайлы демалуыңыз үшін Шыбынды көлде демалыс базасы да бар.

Шыбынды көлі – Өскемен қаласынан 85 шақырым қашықтықта жатқан Тарғын ауылдық округіне қарасты көл. Көл бөктерін тау мен орман қоршаған. Табиғаты әсем өлке болғандықтан, облыс басшылығы көл аумағын абатқа айналдырып, тұрғындар игілігіне беруді ниет қылған.