Сібе көлдері

Сібе көлдері Өскемен қаласынан екі сағаттық тас жолмен жетуге болатын 85 шм жерде орналасқан. Көлдерге апаратын жол әсем гранитті таулы жоталардың көркем ландшафтымен көмкерілген. Көлдер шығыс бағытындағы маңызды туристік нысандардың бірі болып табылады.

Сібе көлдері – мөлдір, таза сулы бес көл жүйесі. Олар гранитті таулармен қоршалған және бір атаумен – Сібе көлдері деп аталады. Бұл туристік нысан экологиялық туризм нысаны ретінде қарастырылады. Туристерге бес көлдің ғажайып сұлулығын тамашалауға, жаяу серуендеуге және маусым–тамыз айларында шомылуға мүмкіндік бар. Бес көлдің жалпы ауданы 31 шаршы шақырымды құрайды. Көлдер аласа гранитті таулар орналасқан тау бөктеріндегі аймақта орын тепкен. Бұл таулардың арасынан сирек қарағайлар, бетегелер, таулы шөптер, бұталар және түрлі-түсті шабындық өсімдіктер кездеседі. Болашақта осы аумақта ұлттық парк ұйымдастыру жоспарда бар.

Әдебиеттер тізімі:

  • Аблайкит, или Аблайн-Кид, развалины храма у ручья Аблайкитки; буддийский монастырь киргизской степи и его библиотека [Текст] // Из истории казахов. – Алматы, 1997. – С. 137 – 146.
  • Азмухамбетов Ш. Редкости, унесенные ветром [Текст] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. – 2004. – 27 июля (№ 113). – С.4.
  • Высоков С. Из истории названия наших рек [Текст] / С. Высоков // Ақ Ертіс=Иртыш. – 2005. – N 5. – С. 92 – 97.
  • Горбунов, Алдар. Топонимия Казахстана: проблемы и суждения [Текст] : краеведение / А. Горбунов // Мысль. – 2013. – № 5. – С. 90-92.
  • Кратенко, А. Наши Сейшелы. Только без кокосов… [Текст] / А Кратенко // Устинка плюс . – 2015. – 5 фев. (№ 6). – С. 20.
  • Кратенко, Андрей. Сакральные знаки Уланской земли [Текст] / А. Кратенко // Устинка плюс . – 2015. – 27 авг. (№35). – С. 26.
  • Место, овеянное легендами [Текст] // Усть-Каменогорск на рубеже тысячелетий. – Усть-Каменогорск, 2000. – С.148 – 149.
  • Озера [Текст] // Физическая география Восточного Казахстана: Учеб. пособие. – Усть-Каменогорск, 2002. – С. 80 – 83.
  • Пестрякова, Галина. Озера – для людей [Текст] / Г. Пестрякова // Устинка плюс . – 2016. – 28 июль (№30) . – С. 11.
  • Щербик Г. О чем поведал Будда [Текст] / Г. Щербик // Рудный Алтай. – 1996. – 23 июля (№ 90). – С.4; 25 июля (№ 91). – С.4. – (Странички истории).