Аблайкет «Аблайкет» ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнерінің ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Ескерткіш Ұлан ауданы, Бозанбай (Никитинка) ауылынан 15 шақырым жердегі Аблакетка өзені бойында орналасқан. Аблайкет – бекітілген ламаистік ғибадатхана. Оның құрылысы 1654 жылы басталған. Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден Қытайға шығатын сауда жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың «Аблайкет» бекініс-монастыры қатты қызықтырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Абылай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды.
Кіру
Архив
Статистика
- 0
- 13
- 11
- 276 077
- 127 840
Количество зарегистрированных пользователей
796Календарь
Қараша (2024) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30