Шығыс Қазақстан су қорлары

su korlari1

Шығыс Қазақстан су қорлары
Облыс аумағы су қорларына бай, мұнда жалпы ұзындығы 10 мың км-ден асатын 800-ден астам өзен ағып өтеді. Басты су арнасы таулы Үлбі, Уба, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да өзендер құйылатын Ертіс өзені болып саналады (ұзындығы 4248 км, облыстан тыс – 1311 км). Облыста ірі Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл көлдері бар. Бұған қоса ұсақ өзендер, су қоймалары көп, олардың ішінде ең үлкені Бұқтырма саналады. Өзендерде табан, сазан, шортан, аққайран, тау көлдері мен өзендерінде – таймень, хариус, бахтах, пайда, Марқакөл өзенінде майқан (үскіш) балықтары мекендейді.

Шығыс Қазақстан жерасты суларының мол қорларымен де белгілі.su korlari2Таулардағы жерасты сулары табиғи қорларының жалпы қөлемі 10 млрд. текше метрді құрайды.

Облыстың ауа райы ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық ауытқу үлкен амплидудасымен шұғыл континенталды. Мейлінше суық айлар-солтүстікте Кенді Алтай тауларында және биік таулы қазаншұңқырларда орта айлық температурасы -17 С ден -23,8 С-ге дейінге және оңтүстік бөлігінің тауларында -14,1 С-ден -16,6 С-ге дейінгі қаңтар, ақпан айлары. Мейлінше жылы ай-шілде, оның орта айлық температурасы +14 С-ден +16,6 С-ге дейін, теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте -0 С, тау бөктерлері мен жазық бөлікте температура бірқыдыру жоғары. Облыстың бірегей және саналауан табиғи жағдайы тиісінше инвестиция салған жағдайда туризмді жедел дамытуға мүмкіндік береді.

“Мыңжылдық” құдығы. Бұл – шамамен ХVІІІ ғасырда қазылған құдық. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Қурайлы даласында орналасқан. “Мыңжылдық құдығы” – қазақ даласындағы теңдесі жоқ құрылыс үлгісі. Құдықтың кіреберіс кеңдігі 20-25 метр арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 сантиметрге тереңдей беретін каналға айналған. Каналдың ұзындығы 400 метр жерді төмендете қаза келіп, 40 метрге тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын мал су ішін шығатындай етіп, кеңейте қазған. Түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы да кең. Оған 5-6 жылқы қатарынан емін-еркін түсіп, өз бетімен су ішін шыға алады. Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырған екен. Шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей шөлін қандырады деседі.
Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/18304/

su korlari3Рахман қайнары. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзі. Оңтүстік Алтай ойпатында, Арасан көлінің жағасында теңіз деңгейінен 1750 метр биіктікте орналасқан. Су граниттегі терең жарықтан шығады. Температурасы Цельсий шкаласымен +35-42 градус аралығында. Рахман қайнары –  шиапалық қасиеті мен құрамындағы пайдалы элементтердің молдығымен ерекшеленеді. Оның суы асқазан, жүйке және тыныс ауруларына, әртүрлі жараларға, уды қайтаруға пайдалы. Суы тұщы келеді. Рахман қайнары биік тауда, орманның өте көрікті жерінде орналасқандықтан, 1925-1936 жылдары бұл жерде демалыс орны болған. Ал 1960 жылдан бастап шипажай жұмыс істей бастады.

Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/18304/