Табиғаты көркем, шұрайлы өңіріміз – Шығыс Қазақстан облысы. Халық аузында мұндағы әрбір тау мен тастың, өзен мен көлдің шығу тарихы жайлы аңыздар жүреді.
Біз өлкетану бөлімінде жылдар бойы жинақталған өлкетану ресурстарының бар байлығын интернет желісіне ұсынамыз және олардың пайдаланушылар үшін қолжетімді болғанын қалаймыз. Өскелең ұрпақтың өз өлкесін танып-білуіне септігін тигізуге туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысатын және бізбен туған ауыл, аудан, қала туралы ақпараттарымен бөлісе алатын оқырмандарды кітапхана сайтында күтеміз. Бәріміз бірлесе Шығыс Қазақстанның тарихын құрайық!!!