Екібасова М.Ш. (06.05.1957 – 19.02.2020)
1957 жылғы 6 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданының Братск ауылында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Алматы саясаттану және басқару институтын «саясаттанушы» мамандығы бойынша, Халықаралық Бизнес Университетін бітірген, магистр академиялық дәрежесіне ие.
Еңбек жолында математика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында комсомол және партия қызметкері; №27 кәсіптік-техникалық училищеде оқытушы; Өскемен қаласындағы №8 кәсіптік-техникалық училищенің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары; Өскемен қаласы әкімдігінің «Іс басқармасы» КМКҚ №9 филиалының директоры; «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы қызметтерін атқарды.
Өскемен қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып сайланды. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
2018 жылы қала дамуына қосқан ерекше үлесі және көпжылдық белсенді қоғамдық қызметі үшін Майраш Екібасоваға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.