Протозанов Александр Константинович

Протозанов Александр Константинович (1914–2006)

1914 жылдың 15 тамызында Киевте (Украина) дүниеге келген.

1969 жылдың қыркүйегінен 1983 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Компартиясының облыстық комитетін басқарған. Өз елі мен қаласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Оның атымен Ертіс жағалауының құрылысы, қаланың сол жақ бөлігіне құрылыс жүргізу, Өскеменде әлеуметтік-мәдени нысандар, мектептер, балабақшалар салу байланысты. Қаланың азық-түлік мәселесін шешкен: оның басшылығымен жылыжай кешені, құс фабрикалары іске қосылған. Қаланың бүгінгі кәсіпорын және мекеме басшыларын тәрбиелеп, жұмыс істеуге үйреткен. Одақтық деңгейдегі жеке зейнеткер. Елдің көптеген мемлекеттік наградаларымен марапатталған, оның ішінде Ленин ордені, Қазан революциясы ордені, алты «Еңбек Қызыл Ту» ордені бар. Өскемен қаласындағы ең көрікті көшелердің бірі Протозанов А.К. атымен аталған.

Атақ берілген күні: 1996 жылдың 10 қазаны.