С. М. Киров ескерткіші

1938 жылғы 18 маусымда жас саябақ орталығында С. М. Кировға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ескерткіш Ленинград қалалық партия комитетінің бірінші басшысы С. М. Кировтің 1934 жылы Өскемен қаласына сапарына арналады. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 8,13 метр, оның ішінде қола мүсіннің биіктігі – 3,55 метр. Тұғыр жергілікті сұр граниттен жасалған. Мүсіннің соңғы салмағы – 6,5 тонна. Тұғырдың басты фасадында XVII съезд трибунасында айтылған Кировтің сөздері жазылған мемориалдық тақта орнатылған: «Қол жеткізген жетістіктеріміз шынымен де зор. Адамдық тұрғыдан айтсам, өмір сүргіміз келеді». Мүсін балкон балюстрадасына сүйеніп, оң қолын жоғары көтерген күйде, Кировтің Өскемен қаласы тұрғындары алдында сөз сөйлеп тұрған сәтін бейнелейді. Мүсіннің авторлары – КСРО Халық суретшісі Николай Томский және сәулетші Ной Абрамович Троцкий.

Ашылған күні: 1938 жылғы 18 маусым.