1925 жылғы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының (УКСЦК) электролиз бойынша кезекші қызметін атқарған. Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты, КСРО-ның құрметті металлургі, Қазақ КСР-інің жастарға еңбектік тәрбие берудегі еңбек сіңірген тәлімгері. Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Қала жастары арасында кең көлемді тәрбиелік жұмыс жүргізіп, оларды еңбекке деген қызығушылық пен құрмет рухында тәрбиеледі. Әртүрлі деңгейдегі еңбекшілер депутаттары кеңестеріне бірнеше рет сайланған. Еңбек ерліктері мен ауқымды қоғамдық қызметі үшін екі мәрте Ленин орденімен, «Орақ пен Балға» алтын медалімен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.
Қаланың халық шаруашылығын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін 1970 жылғы 14 желтоқсанда Ауталиф Елтеренұлы Қалиевке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1970 жылғы 14 желтоқсан.