Құжыманов Ерлан

Ерлан Құжыманов (1969) – әнші, суретші.

Ерлан Құжыманов 1969 жылы 4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті бітірген соң, Қарағанды педагогикалық институтының көркем-графикалық факультетіне (мамандық «Суретші-дизайнер») оқуға түседі. Оқуын тәмамдағаннан кейін 1994 жылдан 1996 жылға дейін сол институтта сабақ береді. 1996 жылдан 2004 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың «Философия тарихы және мәдениет теориясы» факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді. 2004–2008 жылдар аралығы Евразиялық ұлттық университеті Л.Н. Гумилев атындағы музыкалық факультетте білім алған кезеңмен ерекшеленеді.

Халықаралық музыка байқауларының лауреаты және көркем көрмелердің қатысушысы. 1999 жылы Президент стипендиясының иегері атанған.

Жүлделері мен марапаттары:

  • 1992 ж. – «Студенттік көктем» республикалық конкурсына қатысқаны үшін сертификат, Гран-при, Алматы;
  • 1995 ж. – А. Қашаубаев атындағы республикалық вокалистер байқауының лауреаты, Шымкент;
  • 1997 ж. – Ш. Қалдаяқов атындағы халықаралық эстрадалық әншілер байқауының лауреаты, Тараз;
  • 1998 ж. – Ж. Елебеков атындағы республикалық әншілер байқауы, I орын, Қарағанды;
  • 1999 ж. – «Шабыт» жастар арасындағы халықаралық байқау, гран-при, Астана;
  • 1999–2000 жж. – ҚР Президенттік стипендиясы берілген.

Көрмелер:
Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан:

  • 1998 ж. – Музыкалық аспаптар көрмесі, Каир, Мысыр;
  • 1998 ж. – Көрмеге қатысу, Астана;
  • 2001 ж. – Музыкалық аспаптар, қолөнер көрмесі, Франция, Ле-Пю.

Әдебиет:
Құжыманов Ерлан // Шығыс жұлдыздары [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық. – Астана: Фолиант, 2011. – Т. 1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. – Б. 236.