Ашутас шатқалы

“Ашутас сазды төбелері” табиғат ескерткіші Күршім ауданында, Күршім ауылынан шамамен 155 шақырым жерде, Қара Ертістің оң жағалауында орналасқан. «Ашутас» атауы қазақ тілінен «қышқыл, квасцы тасы» деп аударылады. Сулы аймақтың жағалауы әртүрлі реңктегі саздан түзілген ғажайып пішіндерімен көз тартады, Қиын Керіш немесе Шекелмеске ұқсайды. Бұл – демалуға өте қолайлы орын. Қара Ертістің салқын суына шомылғысы келетін кез-келген адам суға оңай түсе алады. Бұл жер атауын көне флораның көмірленген өсімдік қалдықтарынан шыққан күкіртті иісіне байланысты алған.

Өткен ғасырдың басында мұнда өсімдік және жануарлар әлемінің қазба қалдықтары табылған. Омбыдағы Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің мұражай сақтаушысы А. Н. Седельников бұл өңірмен танысуын былай сипаттайды:

«…Кездескен дүниелер біздің күткенімізден де асып түсті. Ашутас сөзсіз орасан зор ғылыми құндылыққа ие. Мұнда фитопалеонтология бойынша, негізінен үшіншілік дәуір флорасына қатысты өте бай және керемет сақталған жәдігерлер бар. Ашутас пен оған көршілес төбелер Батыс Сібірдің үшіншілік флорасы туралы осы кезге дейін белгілі болғанның бәрінен сақталған материалдың саны мен сапасы бойынша асып түседі…».

Ашутасқа келген саяхатшылар темірленген ағаш бөліктерін, өсімдік қалдықтарын табады. Жыныстар арасында отыз миллион жыл бұрын осы жерде өскен платан, бамбук, жаңғақ, лещина жапырақтарының жақсы сақталған таңбалары кездеседі.

Өсімдіктердің 79 түрі бар, соның ішінде 45 түрі еш жерде кездеспейді.

Бұл құнды палеоботаникалық және геологиялық табиғат ескерткіші 150 гектар аумақты алып жатыр және алыстан бірден көзге түседі. Ол кенеттен алдыңнан шығып, динозавр кездескендей таңғалдырады. Пейзаждың көркемдігі денеңді түршіктіріп баурап алады. Уақыт машинасы сізді миллиондаған жыл бұрынғы дәуірге жеткізгендей әсер қалдырады. Алдыңызда палеоген дәуірінің көпқабатты құмды және сазды жыныстарынан құралған түрлі-түсті “қамалдар” бой көтереді. Олардың барлығы жаңбырмен ойылып, ерекше пішінге енген. Саздардың түсі жасылдау, сұр, қызыл-қоңыр және сары реңктерге толы.

Мидай сары жазық пен Қара Ертістің жасыл айдынында асқақтап тұрған Ашутас – міне, осындай!