Аягөз ауданы — Шығыс Қазақстан облысының ауданы. Жері 49,5 мың км². Тұрғыны 80 мыңға жуық.Аудан орталығы — Аягөз қаласы.
Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысыменастасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа темп-расы — 170С, шілдеде 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек,шағала т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км² жерге 2 адамнан келеді.. Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар.
Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қала мәртебесін 1939 жылы алды. Ауданның жалпы жер көлемі 5 млн. Гектар құрайды. Осылайша Аягөз жер көлемі жөнінен республика бойынша Қарағанды облысының Арал аудандарынан кейін үшінші орын алады.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде атақты жерлесіміз Құрбанғали Халид «Тауарих Хамса» («Бес тарих») атты кітабында «Аягөз — өскен жеріміз, Найман — жүрген еліміз», — деп тіліне тиек еткен Аягөз өңірінің тарих сонау көне замандардан басталатындығы көпке аян. Ата қазақ тарихының ұзын сонар тарихында болған айтулы оқиғалар ұштығының бұл өңірге соқпай кеткені некен-саяқ. Бұл еліміздің елдігі мен ерлігіне сың болған қазақ-жоңғар шайқасының шешуші ұрыстарының осы өңірде өткендігін ерекше айтқан жөн. Халқымыздың Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Би Боранбай, Ботақара, Жауғаш, Шыңғожа, Шақантай, Қазымбет сында хас батырлар бастаған сарбаздар жеңіске жетіп, 1754 жылы Мамырсу өлкесінің бойында Абылай хан мен Ер Жәнібектің қатысуымен тарихқа мәлім Қандыжап бітімі жасалды. Төсіне қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезін қондырып, төскейінде хас батырларымыздың тұлпарының тұяғы дүбірлеген Аягөздің қалыптасыу кезеңі 1831 жылдан басталады. 1930 жылы қазіргі Аягөз қаласы орналасқан жерден Түркістан-Сібір теміржолы өтіп, Аягөз станциясының ірге тасы қаланды. Осылайша мұнда алғашқы паровоз депосы және басқа теміржолға қатысты кәсіпорындар бой көтерді. Сол тұста көптеген Аягөздіктер теміржол құрылысына белсене қатысыты. Сол жылы аудан орталығы Сергиопольден Аягөз станциясына көшірілді. Аягөзге теміржолдың бір тармағының тартылуы ғасырлар бойы мүлгіген далаға тың лебі әкелді. Сондай сілікініс пен оянуда аяулы азаматтардың бас көтеруі заңды нәрсе. Олардың ішінде Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаевтың есімін ерекше атап өткен жөн. Түрксіб жобасын жасау үшін Үкімет тарапынан арнайы мемекеттік комиссия құрылды. Оның құрамында әр ұлттың өкілдері енгізілді. 1930 жылы 1 мамыр күні Аягөз паровоз депосы пайдалануға берілді. Ауданның ауыл шаруашылығның тарихы 1920-1930 жылдардағы алғашқы мойынсеріктер мен ұжымдық шаруашылықтардан басталып, МТС-тар құрыла бастады
Ауданда балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, «Ринг» спорт қоғамы жұмыс істейді.
Ауданда 1930 жылы 4 қазанда «Жаңа ауыл» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
1996 жылдың наурызынан бастап «Аягөз жаңалықтары» тәуелсіз қоғамдық – саяси газеті шығып келеді. Бұл әсіресе еліміз егемендігін алған күннен бастап ерекше назарда. Еліміздің шығыс шекарасын күзетуде Аягөз әскери гарнизонының рөлі мен маңызы өте ерекше. Гарнизон жауынгерлері өздерінің әскери-оқу жаттығуларын жүзеге асыра отырып, аудан ұжымдарымен, оқу орындарымен тығыз байланыс жасап келеді. 2000 жылы генерал – майор Ә.Халықов басқарып тұрған уақытта әскери құрамаға халқымыздың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың есімі берілді.
- Байбатыров, Ғ. Шежірелі шығыс өңірі [мәтін] / Ғ. Байбатыров ; ред. С. Байхонов. – Өскемен : Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО бөлімшесі, 2006. – 124 б.
- Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері [Мәтін] = Памятники истории и культуры Восточного Казахстана. – Астана : Деловой мир Астана, 2012. – 240 б. : фотосуреттер. – Кітап қазақ ж/е орыс тілдерінде.
- Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері [Мәтін] = Памятники истории и культуры Восточного Казахстана. – Астана : Деловой мир Астана, 2012. – 240 б. : фотосуреттер. – Кітап қазақ ж/е орыс тілдерінде.
40мыңға тарта халқы бар,8мектеп, 3 бала бақша,2мешіт, 2аурухана,10 мейрамхана, 5қонақ үй,1мәдениет үйі,1мпорт мектебі,1бокс мектебі бар Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/4430/