«Ак-Баур» археологиялық кешені

Қазақстанның Қалба тауларында орналасқан Ақ-Бауыр археологиялық кешені – неолит дәуірінің бірегей ескерткіші. Ол көрнекі түрде ежелгі адамзат жолын, яғни оның бастапқы Отанының моделін бейнелейтіндей орналасқан жекелеген қасиетті тас құрылыстары мен тастан қаланған құрылымдардың жүйесінен тұрады.

Ескерткіштің ерекшелігі – Англия, Бретань, Кавказ, Таяу Шығыс және басқа өңірлердегі көптеген мегалиттік нысандардан өзгеше эпиграфикалық деректердің сақталуы. Кешендегі үңгірлердің бірінде бастапқы жазу белгілерінің айқын іздері бар суреттер табылған.

Суреттерді талдаудың заманауи әдістері олардың мазмұнын оқуға ғана емес, жасы мен кезеңін анықтауға да мүмкіндік берді: кемінде 7–6 мың жыл. Бұл – жер бетіндегі ең ертедегі жазудың бірі.

Осылайша, Ақ-Бауыр археологиялық кешені – адамзаттың ең көне ғибадатханалық құрылыстары мен алғашқы жазба жүйесінің үлгісі ретінде дүниежүзіндегі ең танымал тарихи ескерткіштер қатарында эталондық маңызға ие.