Бұқтырма (Бұқтырма су қоймасы)

Су бетіндегі «күннің сәулелері» жалт-жұлт еткен мөлдір көк айдын және дәл сондай зеңгір көк аспан… Ал айнала – көк мұнарға оранған таулар… Таңғажайып, көркем пейзаж! Бұл – Бұқтырма, Ертіс өзеніне салынған Бұқтырма СЭС бөгетінің нәтижесінде пайда болған жасанды көл.

Бұқтырма су қоймасының үлкендігі соншалықты – оны бәрі «көл» деп атайды. Бұл ешқандай асыра сілтеу емес: су айдынының аумағы – 5,5 мың шаршы шқм, ұзындығы – 425 шқм, ал ең үлкен ені – 35 шқм. Ең терең жері – шамамен 60 м, ал орташа тереңдігі – 9,6 м! Қай жағынан қарасаң да, нағыз теңіз емес пе?!

Сондықтан да көптеген жылдар бойы Бұқтырма су қоймасына жағажайлық демалысты және балық аулауды ұнататындар келеді (мұнда шортан, көксерке, мөңке, науа балық, ханбалық, лақа, сазан, алабұға және басқа да көптеген балық түрлері кездеседі).

Су қоймасының жағасында түрлі деңгейдегі жайлылық пен бағалары әртүрлі ондаған демалыс базалары орналасқан – сондықтан бұл жерден әркім өз талғамы мен қаржылық мүмкіндігіне сай демалыс таба алады.

Ал бір рет келсеңіз – міндетті түрде қайта ораласыз! Себебі, Бұқтырма – өзінің ғажайып табиғатымен, жаныңды баурар көріністерімен, оңаша жерде сезілетін ерекше жайбарақат тыныштығымен адамды баурап алады…