Окуньки немесе Дубығалы (халық арасында кейде Митрофан деп аталады) Өскемен қаласының маңында орналасқан тұйық көл. Ол теңіз деңгейінен 343,7 м биіктікте жатыр. Дубығалы көлі – ежелгі Алтай теңізінің қалған бөлігі деген болжамдар бар.
Көлдің суы минералдарға бай. Сондай-ақ оны радонды көл деп те атайды. Тағы бір ерекшелігі – бұл бірегей көлдің суы ешқашан түрленбейді!
Жаздыгүні күн батқанда және таң атқанда Дубығалы көлі үстіндегі аспан ертегідей алуан түске боялады. Көл ағынсыз, сәл тұздылау.
Жағалауы құмды, бірақ тасты, жарқабақты жерлері де бар. Кей тұстарын қамыс басқан.
Бұл әсем мөлдір көгілдір көл жалғыз тұрған Дұңғалы тауының солтүстік беткейіндегі ойыс жерде орналасқан. Су бетінің үстінен айбаттана көтерілген Дұңғалының биіктігі — 749 м.
Жан-жағындағы таулар көрген адамға ұмытылмас әсер қалдырады. Дұңғалының етегі үңгірлерге толы. Табиғат өзі-ақ адамдарды бұл жаққа шақырып тұрғандай: көз тартып, жанды баурайтын бейнелерді, көркем пейзаждарды, таңғы және кешкі көріністерді, еркін даланың мас қылатын ауасын алдыңа жайып салады.