Елубай Оңдасын

Елубай Оңдасын (1950 ж.)

Журналист, жазушы

Елубай Оңдасын 1950 жылы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Саржыра ауылында дүниеге келген. Жамбыл атындағы интернат-мектепті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Жоғары партия мектебін, журналистика бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолын ШҚО облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде корректормен бастап, телерадио комитетінде, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде арнайы корреспондент ретінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Қазақ спорты» газетінің Шығыс Қазақстан өңірі бойынша корреспонденті.

Кітаптары:

  • «Шымыр келер Шығыстың ұл-қыздары» (2000)
  • «Алтайым – алтын тамырым» (2000)
  • «Жанарымда – жасыл құрлық» (2000)
  • «Аламан – Париж-Сидней: саңлақтар самғауы» (2000)
  • «Жүрегімде жастықтың ізі қалды» (2003)
  • «Күлімдеген күншығыс елінде = Азиатский аккорд мирового футбола» (2003)
  • «Аялайық Алтайды» (2004)
  • «Ежелгі Эллада елінде = На земле древней Эллады» (2004)
  • «Турин тағлымы = Уроки Турина» (2006)
  • «Айшылық алысқа алты сапар = Шесть поездок в дальние края» (2009)
  • «Өмірді су-ретпен өрнектеп» (2010)
  • «Алашты асқақтатқан Азиада = Золотая Азиада Казахстана» (2011)
  • «Жеңіс жалауын желбіреткен жетеу» (2013)

Ол көптеген фотосуреттер мен видео материалдарға ие. Қазақстан делегациясының құрамында алты Олимпиада ойындарына қатысқан.

 

Қоғамдық және кәсіби қызметі:

  • Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі
  • Мәдениет және спорт саласының құрметті қызметкері
  • «Құрмет» орденінің иегері
  • «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
  • Сейдахмет Бердікулов атындағы сыйлықтың лауреаты
  • Зайсан ауданы мен Өскемен қаласының құрметті азаматы

 

Елубай Оңдасын шығармалары:

  • Елубай, О. Алтайым, алтын тамырым : деректі әңгімелер, очерктер, публицистика, толғаулар. – Алматы: Әл-Фараби, 2000. – 181 б.
  • Елубай, О. Шымыр келер Шығыстың ұл-қыздары : деректі әңгімелер, жолжазбалар, очерктер, толғаулар. – Алматы: Отырар, 2000.
  • Елубай, О. Аялайық Алтайды : деректі әңгімелер, жолжазбалар, очерктер, толғаулар, мақалалар. – Өскемен, 2004. – 227 б.
  • Елубай, О. Ежелгі Эллада елінде : сапарнама хикаят. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2004. – 120 б.
  • Елубай, О. Алашты асқақтатқан Азиада = Золотая Азиада Казахстана – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2011. – 140 б.
  • Елубай, О. Жеңіс жалауын желбіреткен жетеу Т.4 – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2013. – 124 б.

Елубай Оңдасын туралы әдебиеттер:

  • Қаңтарбаев, Ә. Жиһанкез журналист : О. Елубай туралы // Дидар, 2005, 4 мамыр. – Б.6
  • Елубай, О. Сиднейде еңкілдеп тұрып жылағаным рас : әңгіме, Ә. Қаңтарбаев сұхбаты // Дидар, 2010, 20 мамыр. – Б.7
  • Қаңтарбаев, Ә. Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер : журналист О. Елубай туралы // Егемен Қазақстан, 2010, 21 мамыр. – Б.10
  • Темірбеков, А. Жиһангер журналист оқырмандармен жүздесті : О. Елубай туралы // Дидар, 2010, 25 мамыр. – Б.2
  • Сапарғалиев, М. Риддер – келешектің қаласы : қала әкімімен сұхбат, әңгімелескен О. Елубай // Егемен Қазақстан, 2012, 16 наурыз. – Б.6
  • Мырзахметов, А. “Атың барда, желіп жүріп жер таны” : О. Елубай туралы // Өскемен, 2012, 4 қазан. – Б.3
  • Әліпбай, С. Жеңіс жалауын желбіреткен жетеу : [Лондон олимпиадасының қаһармандарына арналған жаңа кітап] // Егемен Қазақстан, 2013, 5 наурыз. – Б.10
  • Анаш, Д. Қаламгерге құрмет : «Сегіз қырлы, бір сырлы» шығармашылық кеші // Егемен Қазақстан, 2014, 4 наурыз. – Б.14
  • Кривицкий, Д. Ол қаруы – қалам мен қағаз : журналист Ондасын Елубай туралы // Рудный Алтай, 2005, 2 маусым. – Б.6
  • Поломошнова, Л. Ондасынның бақытты сәттері : журналист Ондасын Елубай туралы // Рудный Алтай, 2005, 21 мамыр. – Б.7
  • Шевченко, В. Шындығы сәті – Ольга мен Ондасын : журналист Ондасын Елубай туралы // Қазақстанская правда, 2008, 7 тамыз. – Б.6
  • Коксегенова, А. Шығармашылық қайнары таусылмайды : журналист Ондасын Елубай туралы // Рудный Алтай, 2010, 24 мамыр. – Б.2
  • Абенова, С. Ондасын Елубайдың алты олимпиадасы : Лондон Олимпиадасы-2012 туралы кітап жарық көрді // Қазақстанская правда, 2013, 2 наурыз. – Б.8