Жағажай туризмі

Бүгінгі таңда жағажайдағы демалыс – ең кең таралған демалыс түрі. Көпшілік үшін толыққанды демалыс деген не? Күннің шуағына қыздырынып, бетін самал желге төсеп, тіпті кейде ашық аспан астындағы ойындарды күндіз ұйымдастырып, кешке ойын-сауық бағдарламалары мен дискотекалар өткізетін тынымсыз аниматорлардың көңіл көтеруіне мүмкіндік беру.