Ардақты оқырман! Өткен күнде белгі бар. Күндер өте сол белгі халық жадында жатталып, аңыз –шежіреге айналады. Өлке шежіресінен Отан тарихы құралады.
Ел тарихы сияқты Зайсан тарихы да өте бай. Көптеген тарихи оқиғаларға куә болған да осы өңір.
Біздің жыл санауымыздың VI ғасырдағы Түрік дәуірінде Зайсан көлін «Бейне теңіз» деп атаған екен. Сол дәуірдің туындысы «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырында «Бейне теңіз дейтіғұн көлге кетті» деген жолдар бар.
Зайсан көлді кезінде қоныстанған этностар мен ары–бері өткен саяхатшылар, жат жұрттық шапқыншылар әр түрлі атағанмен, негізгі мағынасы қазақтың «Жайсаң» деген сөзінен шыққан деседі.
Шығыс Қазақстан облысының, Тарбағатай ауданына қарасты көлдің аты. Бұл топонимдік атауды алғаш зерттеушілер орыс ғалымы
Г.Н. Потанин болды. Ол 1863-1864 жылдың қысында болып балық аулау жұмысымен танысады, және көлдің жалпы географиялык құбылыстарына шолу жасап, оның ұзындығы 110 км, ені 28 км, тереңдігі 6 метр деп белгілеген.
Бұдан кейін Зайсан көліне зерттеулер жүрізген Е. Михаэлис, В. Сапожников, А. Сидельников, Арндт, Б. Герасимовтар болды. Сол зерттеулердің бipi Арндттың айтуы бойынша («Исторический очерк исследования оз. Зайсан»), – Историческое прошлое Зайсанской котловины остается пока далеко невыясненным. Можно только сказать, что с древнейших времен она служила временным пребыванием разных тюркских племен. «племя найман», – дейді. XVI ғасырда моңғолдардын күшті одағы (ойрат, торгауыт, олют, хонзы, хошоут пен жоңғарлар) Зайсан ойпатындағы түрік халықтарын ығыстырып, ол жерді өздері мекен eттi. Сол кезде «В 1650 году у калмыков (жоғарыдағы моңғол одағының), кочевавших у берегов Зайсана был голод; Они кормились рыбой озера, за что прозвали «Нор-Зайсан» т.е. «Благородное озеро»… Мейірімді (рахымды) қол мағынасында деп атапты дейді. Шығыс Қазакстан облысының ең, шеткері тұрған каласы — Зайсан. Ол Зайсан ауданының орталығы. 1864 жылы Шуешек келісімі бойынша Зайсан ойпаты мен Ертіс бойында және Тарбағатайдың төменгі бөліктері Ресейге қараған соң 1869-1870 жылдары шекаралық әскери бекініс есебінде салынған. Оның Зайсан болып аталуы жоғарыдағы Зайсан көліне байланысты. Зайсан қаласын Жеменей өзені екіге бөліп тұрады. Оның бipi «Заречная слободка» деп аталады. Мұнда әскери бекіністің қорғаушылары қазақ-орыстар тұрған. 1920 жылдар шамасында бұл жерді басып өткен саяхатшының бipi Б. Герасимов Зайсан каласында осы кезде екі шіркеу және орыс, қазақ, татар мектептері болды.
Қалада бұл кездері орыс-қазақтарымен қашқарлық-сарттар (өзбектер, ұйғырлар) және қазақтардың 700-дей үйі ғана болып, 4,5 мың адам тұрғандығын айтады. Сонымен бipгe Зайсан қаласы орыс патшасының алыстағы саяси тұрғындары жіберетін орны да болған. Онда осындай адамдардың бipi ақын Н.Э. Ватсон да тұрып қайтыс болған.
Әдебиеттер тізімі:
- Байбатыров, Ғ. Зайсан тарихы [Мәтін] : оқулыққа қосымша / Ғ. Байбатыров. – Өскемен : Базальт, 2003. – 180 б.
- Ислямов, А. С. Шығыс Қазақстан топонимикасы [Мәтін] : әдістемелік құрал = Топонимика Восточного Казахстана : методическое пособие / А. С. Ислямов ; ҚР Білім және ғылым м-гі. – Алматы : Эверо, 2003. – 112 б.