Зырян ауданы Кенді Алтайдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның шекаралас аудандары Таулы Алтай Республикасы (Ресей), Катон-Қарағай ауданы, Көкпекті ауданы, Глубокий ауданы. Быструшен сүмбісі ауданның ең биік нүктесі болып табылады. Зырян ауданының бедері екі бөлікке бөлінеді: солтүстік және солтүстік-шығыс бөлікті алатын, биік таулы және оңтүстік-батыс бөлікті алатын, тауаралық аңғарлары бар аласа таулы. Осындай аңғарларда негізінен ауылдық аймақтар орналасқан.
Зырян ауданы Республикадағы ең суық жерлердің бірі болып табылады. Бұндай температура таралымы температуралық инверсия нәтижесінде туады. Температураның абсолютті ең төменгі деңгейі 1940 жылы -51 байқалды, температураның абсолютті ең жоғарғы деңгейі 1900 жылы +40 байқалды. Ауданның климаты температуралық инверсияға байланысты, бірінші қатқақ 2-ші қыркүйекте, соңғы қатқақ 29-шы мамырда болады. Аудан орталығы Зырян қаласы болып табылады, ол Березовканын сол жағалауында, теңіз деңгейінен 457 м биіктікте орналасқан. Ауданда қар жамылғысы қазан-қараша айларында орнайды, наурыз-сәуір айларында ериді. Ең суық ай қаңтар орташа температура -32-35 жетеді, ең жылы шілде орташа температура +13,7, +17 дейін жетеді. Жер қабатының қату тереңдігі 130 см-дей, қар жамылғысының биіктігі орташа есеппен 70-250 см, қар жамылғысының салмағы 250-300 кг/м. Жел бағытының басымдығы солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс, желдің орташа жылдамдығы 28-38 м/сек жетті. Жылына 30 күндей күшті жел байқалады, көбінесе күз мезгілінде. Тұмандар көбінесе өзендерде жиі байқалады, бұдан басқа қыркүйек және қазан айларында басқа да жерлерде байқалады. Ауаның ылғалдылығы қыс мезгілінде 55 %, ал жаз мезгілінде 95 % құрайды.
1747 жылы императрицасы Елизаветаның Жарлығымен барлық демидов кендерi мен зауыттары оның жеке меншiгiне таратылып алынды. Кен байлығы бойынша Змеиногорск бiрiншi болып саналған, бiрақ бұл кен орны өндiрiле бастады. Зерттелмеген болып Бұқтырма даласы ғана жатты.
1791 жылы Өскемен қамалынан Бұқтырма кенiне кезектi бергайерлер тобы жөнелдi. Олардың арасында Зырян кен орнын тұңғыш рет ашқан Зырянов Григорий Григорьевич те болды.
Зырян кен орнынан кейiн тағы көп ашулар болды.1801 жылы бұрынғы қашқын Мамонтов Хаир-Кумин өзенiнiң оң жақ жағалауында Зырян кенiнен 20 шақырым жерде қорғасын кен орнын тапты. 1810 жылы кендi ашқан Малеев Зырян маркшейдерiнiң атымен осы күнге дейiн Малеевка селосы атанып жүр. 1818 жылы Иван Заводин Кондратьево селосының маңында тағы бiр кен орнын тапты. Бұл кен орны -бұрынғы ҚСРО-ның теллурист күмiсi мен қорғасыны бар кендердiң бірі.
ХIХ ғасырдың басында Зырян кенi күмiс кенiн өндiрудiң iрi орталығына айналды және жалғыз Ресейде емес белесте де белгiлi болды.
Зырян ауданы 1 056 096 га алаңымен аумақты алады, бұл облыс алаңының 3,7% құрайды. Зырян ауданының аумағында екі қала орналасқан: Зырян және Серебрянск; 4 кент: Прибрежный, Зубовск, Жаңа Бұқтырма; 9 ауылдық округ: Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаев, Парыгино, Никольск, Соловьево, Первороссийск, Тұрғысын.
- Шығыс Қазақстан облысының географиялық атаулары [Мәтін] / ред. С. М. Байхонов; алғы сөз авт. Б. Баяров. – Өскемен : Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО бөлімшесі, 2003. – 185 б.
- Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері [Мәтін] = Памятники истории и культуры Восточного Казахстана. – Астана : Деловой мир Астана, 2012. – 240 б. : фотосуреттер. – Кітап қазақ ж/е орыс тілдерінде.
- Құпиялы өлкенiң ғажайыбы. Индустрия [Мәтін] = Феномен неизвестного континента = The phenomenon of the unknown continent. – Усть-Каменогорск : АО “Интурист”, 2001. – 304 б .