Нуразхан Еркін

Нуразхан Еркін (1953) – суретші, карикатурист, өнертанушы

Нуразхан Еркін 1953 жылы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жангизтал ауылында дүниеге келген. Әкесі Ыбрайым Нуразханұлы (1908–1993) халық арасында құрметті адам болып, оны «Абай аға» деп атаған. Анасы Бежихан Бакатқызы (1915–1980) балаларды тәрбиелеумен айналысқан.

Еркін Ыбырайымұлы үлкен отбасында өскен, онда жеті бала тәрбиеленген: бес ұл және екі қыз. Жас Еркін әдебиетші болуды армандаған. Әскерде қызмет істеген кезінде стенгазет шығару ісіне қатысып, сол кезден бастап бейнелеу өнеріне қызығушылығы қалыптасқан. Ол Н.В. Гоголь атындағы Алматы кескіндеме училищесін және Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театралдық-қолданбалы өнер институтының сурет факультетін тәмамдаған. Негізгі мамандығы – театр суретшісі. Дипломдық жұмысы ұстаздарға ұнап, талантын байқап, оны Санкт-Петербургқа оқуға жіберу ұсынылса да, Еркін анасының жағдайына алаңдап, оқуға бармаған.

Карикатура жанры Еркінге кездейсоқ келді. Досы Мұхамеджан Әлімбаевтың үйінде шай ішіп отырған кезде ол қағазға досының әйелінің бейнесін салып қалды. Суретті көрген досы оған карикатурамен айналысуға кеңес берді. Осыдан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ ақын-жазушыларына арналған достық шарждарын жариялай бастады. Кейін М. Әлімбаев оны «Карикатура королі» деп атаған.

1983 жылдан бері «Балдырған» журналының көркемдік редакторы, 1991–1992 жылдары қазақстандық–түрік бірлескен кәсіпорны «АлмаСТ»-тің бас суретшісі, 1993 жылдан бастап «Түркістан» апталық газетіде суретші, корреспондент, бөлім меңгерушісі, 2002–2005 жылдары «Өнер» баспасының бас редакторы, 2006 жылдан бастап А. Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің бөлім меңгерушісі, орынбасар директор, 2016 жылдан бері А. Кастеевтің Үй-музейінің директоры қызметтерін атқарған. Суретші болуымен қатар, ол нағыз журналисттік талантымен де ерекшеленген. Белгілі сыншы Қалтai Мұхамеджанов Еркінді «адам-амфибия» деп бағалаған.

Еркін Нуразханның шығармалары:

  • Сатирикалық альбомдар: «Кімге күлеміз?», «Шарж шеруі»
  • Публицистикалық кітаптар: «Ұлт пен рух», «Өз елім менің – өзегім менің!»
  • Живопис туындылар: «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкей», және басқа шығармалар.

Ол әзіл-қалжың әңгімелерді шебер айтып, күлкілі, нұсқа сөздерді жинаған. Жараскан Әбдрашевпен бірлесіп шығарған «Әзілің жарасса…» кітабынан кейін оның есімі қазақтар арасында танымал болды. Ол жиі интеллигенциямен араласып, кейіпкерлердің образын ашатын детальдарды бақылаған. М. Шокай, А. Бөкейхан, А. Байтурсынұлы сияқты саяси қайраткерлерді идеал тұтқан.

Соңғы жылдары әйгілі партизан, жазушы Қасым Қайсеновтің жеке хатшысы болған. Ол көп іс атқарып, өткір қоғамдық оқиғаларға белсенді пікір білдіріп, республикалық деңгейдегі шараларға қатысқан.

1985 жылдан бастап Қазақ КСР Журналистер одағының мүшесі, 2002 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. ҚР Мәдениет қайраткері (2004), «Еңбек ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Арманы – «Барлық салаларда дамыған, коррупциясыз, демократиялық Қазақстанды көру».

Еркін Нуразхан мен әйелі Нұркамал Мейрашева балаларын – Айман, Ерсайын, Ернарды тәрбиелеп өсірген, қазір бақытты әке, сүйікті атасы. Алматыда тұрады.

Е. Нуразханның кітаптары:

  • Әбдірашев, Ж., Еркін Нұразханов. «Әзілің жарасса…» – 1989. – 144 б.
  • Құралұлы, А. «Ұлттық дүниетаным» (1-сыныпқа арналған оқу құралы) – 2002. – 78 б.
  • Нұразхан, Е. «Ұлт пен рух» – 2003. – 183 б.
  • Нұразхан, Е. «Кімге күлеміз?» – 2005. – 144 б.
  • Нұразхан, Е. «Өз елім менің – өзегім менің» – 2013. – 288 б.
  • Нұразхан, Е. «Шарж шеруі» – 2013. – 272 б.
  • Нұразхан, Е. «Ерліктің ерен тұлғасы» – 2013. – 192 б.

Еркін Нуразхан туралы кітаптар:

  • Сыдықов М. Қ. «Тоғыз таңбалы найман Қаракерей шежіресі» – 2012. – 588 б.
  • «Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия» – Алматы, 2014. – 848 б., Б.573.

Еркін Нуразхан туралы мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалар:

  • Әлімбай М. «Карикатура королі» // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 17–23 қаңтар. – Б.16
  • Сарсенбайқызы Ғ. «Кімге күлеміз» // Дидар. – 2004. – 30 қараша. – Б.4
  • Қайсенов Қ. «Алдыңда ағаларың азаймасын» // Жалын. – 2008. – №7. – Б.30–35
  • Қайсенов Қ. «Айтылмаған әңгімелер» // Жалын. – 2008. – №7. – Б.22–35
  • Тоқанұлы Б. «Қытық қаламды суретшінің “қыңыр” туындылары» // Дидар. – 2010. – 16 наурыз. – Б.3
  • Нұразхан Е. «Бұл – достық әзіл емес, қастық әзіл ғой» // Дидар. – 2013. – 11 қаңтар. – Б.8
  • Кәкенұлы Ж. «Шарж шеруі» // Егемен Қазақстан. – 2013. – 17 қаңтар (№23/28). – Б.6
  • Әлімқожина А. «Қаламына әзіл қонған суретші» // Түркістан. – 2016. – 24 қараша (№47). – Б.11
  • Өміртай А. «Еркін Нұразхан. Шарайна» // Егемен Қазақстан. – 2019. – 24 шілде (№140). – Б.10
  • Екпін М. «Бала күнгі арманы орындалмаған суретші» // Дидар. – 2020. – 4 маусым. – Б.11