Рахман қайнары мемлекеттік ботаникалық-географиялық қаумалы

Рахман қайнары мемлекеттік ботаникалық-географиялық қаумалы – табиғи ландшафтары, жер қойнауын, дәрілік шөптер мен родон бұлақтарының көздерін сақтау мақсатында құрылған. Қаумалдың табиғат кешені көп жағынан бірегей, орташа таулы және биік таулы жер бедері басым, өзінше ерекше. 2100-2200 м-ден аса биіктікте спецификалық табиғи-географиялық жағдайларда үгіліп-мүжілуден пайда болған – шашылымдар, қорымдар, айылдар, карлар, «қойтастар» құрайтын қатты ыдыраған альпі тау көлі Рахман көлі (ауданы -1,14 шқ2) бар. Көлдің солтүстік-батыс жағалауында, одан Арасан өзені бөлініп шығатын жерде орналасқан жылы родон бұлақтарының көздері – қаумалдың ең басты көрнекті жері. Олардың емдік факторлары болып құрамында 0,03 г/л бос көмірқышқылы және радиоактивтілігі 8 бірлік, әлсіз минералданған (0,2 г/л) карбонатты-кальцийлі-натрий сулары (температурасы 31С-тан 42С-ға дейін) саналады. Рахман шипажайы облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым, төрт мемлекеттің Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінің шекарасының Арасан көлі жағасында, теңіз деңгейінен 750 м биіктікте орналасқан. Бұл родонға бай термиялық қайнар. Суы буын, тері, жүйке ауруларына шипа болып табылатын санаторийге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келіп, елге де, жерге де алғысын айтып жатады. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әртүрлі улану мен жараларды емдеуде қолданылады. Рахман қайнары елімізде және шет елдерде де танымал, көптеген жылдан бері «Рахман қайнарлары» шипажайы ел игілігіне қызмет етуде.