Кеңес Одағының батырлары

Ұлы Отан соғысы жылдарында Шығыс Қазақстаннан 182604 жауынгер майданға аттанып, оның 95870-і ерлікпен қаза тапты. Шығысқазақстандықтар майданның барлық шебінде, барлық әскер бөлімдерінде ерлікпен шайқасты. Сұрапыл соғыс жылдары облысымыздың тыл еңбеккерлерінің ортақ іске қосқан үлестері айрықша.

Отан соғысының шежіресінде семейліктер де аса зор үлес қосты. Олар жаумен ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл Армияның алғы шебінде болды. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ мыңдаған семейлік армия қатарына шақырылып, майданның алғы шебіне жіберілді. Соғыстың алғашқы күндерінен қан майданға 6950 коммунист, 16 мың комсомол мүшелері аттанды.

Шайқасты шақтарға толы жылдарда біздің жерлестер айбындықпен отқа түсіп, халқына және Отанына деген адалдығын танытты. Облыстық ардагерлер кеңесінің мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысынан 109 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді (63-і – Шығыс аймақта, 46-сы – бұрынғы Семей облысында), 24 адам «Даңқ» орденінің иегері, 45 мыңнан астам шығысқазақстандық ордендермен және медальдармен марапатталды.

Қазіргі уақытта облыста 2300-ден астам ғана ардагер бар. Оның ішінде облыстық әкімдіктің ардагерлер ұйымында 100-ге таяу адам бар. Олардың  8-і Ұлы Отан соғысына қатысушылар болса, 41-і тыл еңбеккерлері. Соғыстың суық ызғарын, шайқастың ыстық демін көрген бұл адамдар – біздің мақтанышымыз. Біздің борыш – қарияларымызды аялау, оларды қорғап-қолдау. Жеңіс тұғырын қалаған әрбір ардагер қамқорлықты сезінуі тиіс.

Жеңіс күні – біз үшін қасиетті мереке, күнделікті өмір сүріп, жұмыс істеуге, ашық аспан мен бейбіт өмірге қуануға мүмкіндік әперген ардагерлерге және қаза болған батырлардың біразына тоқтала кетсек деймін: