Құрылыс материалдары бітіп, Алла тағала жерді жасап біткенде, таулар мен шөлдер, ұлы далалар, ну ормандар, көлдер, теңіздер мен өзендері бар алып шар шықты. Бірақ, Кұдайлар да қателеседі екен: осы жолы Жасаған жер кіндігінде тeciк барын аңдады. Не icтey керек? Сол мезетте Жаратушы шөлдер мен таулардың, ормандармен түздердің сол тeciкті бітеуге құнарлы бөлшектерін алды. Жұмыс аяқталғанда Алла жердің көріктілігіне тамсанады: оның бетіңде алтын апталған сахара шөлдер, жарқыраған мұздар мен қардың қылаңы да астасып жатады. Ал, тесіп бітелген жер аса әсем еді.
Жұмысына разы жаратқанның енді жер жүзіне тіршіліктің керегін сезді. Сол сәттен бастап жер, жер беті тіріле бастады: жел соғып, өзендер ағып, көлдер мен теңіздерде балықтар, ормандарда құстар мен аңдар пайда болды. Бұл аңдар мен құстар көбейе бастады.
Сол кезде жаратқан иеміз жерді өзінің мәңгі айналмалы шеңберіне қойды. Осы кезден жер күнде айнала бастады. Құдретті Алла өзінің таңданысына орай, тесік бітелген жердің ең едемі көрініске ие болғанын байқады. Сол маңды адамдардың мекені қылуға бекінеді. Алдымен, адамдар тоқшылық пен молшылықта өмip cүpyi ушш жер асты қазба байлықтарын толтырады.
Осылай Шығыс Казақстан жері пайда болған…