ШІЛІКТІ АУЫЛЫНЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

  1. ШІЛІКТІДЕГІ «БӘЙГЕ ТЕБЕ» ҚОРҒАНЫ

Тарбағатай тауы баурайындағы Зайсан аумағыньщ Шілікті жазығындағы «Бәйгетөбе» деп аталатын үлкен қорған обадан Қазақстан жерінен шыққан үшінші «Алтын адам» табылды. Бұл жәдігердің Қазақстан тарихына қосар үлесі көп. Ұзын саны 4303 дана киімге тағатын алтын жапсырма әшекейлер табылды. Олар арқар, таутеке, бүркіт, бұғы, мәлін, қасқыр, қонжық бейнелері түрінде жасалған құйма алтындар.

Алтын әшекейлердің ерекше нәзіктігі, дәлдігі, шеберлігі таң қалдырады.

Ұсақ әшекейлердің ішінде тарыдай, одан да кішкенелері бар. Бұл әшекейлер көзбен қарағанда әшейін бір ұсак домалақ зер алтын сияқты, ал асыл әйнекпен қараса саңырауқұлақшаланған қалпақ, оның астына түймeлiк құлақша қадалған. Осыншама өнерге таңқалмасқа болмайды. Біздің жepiмiздi мекен-деген сақ тайпаларында алтын зергерлік заттарға құлақша (түймелік ) орнату микродәнекерлеу арқылы icкe асырылған. Әдетте алтынды алтынға дәнекерлеу үшін дәнекер алтынға мысты көбірек қосады. Бұл дәнекер алтынның балқу температурасын төмендету үшін жасалады.

Шілікті алтындарын дәнекерлегенде мыс өте аз қосылады. Яғни бұл алтын дәнекерді еріту үшін бip мың градустан кем тампература болмауы керек. Ал мың градусқа иненің ұшындай дәнекерлеуші құралы қалай жеткізгендігі қазіргі мамандардың өзін таң қалдырды.

Европалыктар XV-XVIII ғасырларда өте нәзік өнер туындыларына «Қандаланы тағалағандай» деп беретін бағасы бар.

Бұдан 2800 жыл бұрынғы біздің ата бабамыздың өнеріне де осындай баға берсек артық болмас. «Бәйгетөбеден» табылған алтындар ете жоғары сыныпты (940-970 сыныптар), жергілікті жерден алынған алтындар. Шілікті даласының Шығыс «Шағанобадан» алтын қорытқан пеш, ұстахананың орны табылды.

  1. ЗЕЙНОЛЛА БАБА МАЗАРЫ

Шіліктідегі Зейнолла мазары тарихи-архитектуралық ескерткіштердің ең құндысы, салыну ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасы ескерткіштері қатарына кіреді.

Бұл архитектуралық—тарихи ескерткіш-мазар Баязит Сәтбаевтың қолтаңбасы. Тарихи деректерге қарағанда халық шеберінің қолынан осындай ондаған құрылыстар салынып бүгінге дейін өзінің салыну ерекшелігі мен шеберлігі арқасында сыны кетпеген қалпында сақталып келеді.

Зейнолла Бұтабайұлы 1924 жылдың соңында Сарытұмсықтан қайтып келе жатып ауырып, кенеттен кайтыс болады. Зейнолла Бұтабайұлы халқына кадірлі сыйлы адам болған. Халқы Зейнолланың шын атын атамай «Жәже» деп сыйлап құрметтеген.

1925 жылы Зейноллаға арналған күмбез-мазар, әр түрлі құймадағы қызыл кірпіштен Жалши жерінде салынған.

Kipпішті Баязит шебер өзінің меншік пешінде әр түрлі құймада күйдіріп дайындаған. Дайындаған кірпішті Зайсаннан Шіліктіге қапқа салып, атқа тиеп, түйеге артып жеткізген, көпшілік кірпішті Жалшидің өзінде, қыл қосып бepiктiгін арттырып дайындаған.

Қазір ауданымызда тізімге алынған тарихи-архитектуралық ескерткіштердің ең құндысы – Зейнолла мазары, 1980 жылдары мазарға «Казрестоврация» ағымдағы ұсақ-түйек жұмыстар жүргізген.

1991 жылғы жер сілкінісінен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеуге қажетті әр түрлі құймадағы кірпіштер Түркістандағы арнайы кірпіш зауытынан әкелінді. Бұл әр түрлі құймадағы кірпіштер формасы Ахмет Иассауи кесенесіндегі кірпіш формаларымен бірдей болып шықты.

Кезіндегі шебер Баязит Сәтбаевтың қолтаңбасындағы кірпіштердің әр түрлі формасынан Түркістандағы тарихи ескерткіштермен тарихи байланысы, сабақтастығы болтаны анықталып отыр.

Зейнолла бабаның өзін көрмесек те ол кісінің бойында әулиелілік қасиет бар екеніне біз сенеміз. Өйткені жаз айларында жанына шипа іздеген жандар мазар басына келіп қонып жататынын көреміз. Алыстан бабамыздың рухына сиынып, сеніп келген жандар үшін біз де Алладан амандық, саулық тілейміз.

  1. ҮШ КИЕЛІ САН – ҮШ АТАУ. НЕГЕ ҮШЕУ?

Шілікті жазығы, Шілікті қазан шұңқырында орналасқан таңғажайып өлке.

Шілікті жазығын жан-жағынан түгелдей алып таулар қоршап жатыр. Бұл таулардың өзіндік биік шыңдары, мәңгі мұз басқан құздары, миуалы, нулы орман тоғайлары, қойнауы аңға, құсқа жеміс жидекке толы қасиетті жерлері баршылык.

Ал Шіліктіде бәpi үш-үштен. Керемет емес пе!

Асан Қайғы атамыз «Шілікті шөбің шүйгін, суың бал, мекендеген елің жұтамайтын жер екенсің. Қақпаң үшеу екен, егер төртеу болса жердің жұмағы болады екенсің» – деген екен.

Осыны естіген кезінде облысымыздың басшысы болған ақылды аға Keшipiм Бозтаев, — Ей жігіттер соны түсінбедіңдер ме? Төртінші қақпа Шілікті халқы, жерді жұмаққа айналдыратын солардың eңбегі емес пе? – деген еді.

  1. Yш қақпа: Үйдене, Қандысу, Баймырза.
  2. Үш өзен: Адырбай, Үйдене, Қандысу.

Адырбай өзені Шіліктіге ағып келсе, Үйдене өзені Зайсан өлкесін, Қандысу өзені Тарбағатай өлкесін суландырады.

  1. Үш платина: Үйдене,Қандысу,Баймырза. Үш өзенге де платина салынып су жүйесі тартылған. Екі ауданды, Шілікті ауылын суландырып, байлығына байлыққосуда.
  2. Үш тау: Тарбагатай, Сауыр, Маңырақ. Осы тауларды Баймырза, Үйдене, Қандысу қақпалары бір-біріненбөліп тұр.
  3. Үш көл: Мәсәлім көлі, Бұтабай көлі, Қамысты көл. Биік тау басында орналасқан.
  4. Үш асу: Ол асулар Жәнделі, Күзуін, Майлы. Шілікті жазығына бағзы заманнан бepi ел үш асу арқылы асып, келіп,кетіп жатады.
  5. Үш жел: Күзуін, Қарасай, Үйдене. Шіліктіде ауа ағысы үш асу арқылы алмасып, ауа райын реттеп отырады. Жазы салқын, қысы жылы болып келеді.
  6. Үш батыр: Жәнделіқыз, Қарасай жылқышы, Байотар батыр елі мен жерін қалмақтардан қорғаған,күзетіп кеткен киесітәрізді.
  7. Үш қосылу: Шiлiктi Зайсан ауданына үш рет қосылыпты. Eкeyiндe аудан мен аудан қосылса,үшінші жолы Шілікті ауыл округі жеке косылды.

Ия, қосылу да үшеу!

Қазақтың ошағы да, мосысы да үш аяққа сүйеніп, мәңгі жығылмай келеді.

Ия, үштік лайым түгел болғай, бірлікте болғай.

  1. КЕРГЕНТАС

Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезінде қалмақтар бейбіт жатқан қазақ жасақтарымен сан рет қақтығысып, соғысқан . Сондай соғыс кезінде жекпе-жекте жараланған қалмақтың жас батыры ат мойынына асылып, атына ие бола алмай өз қосына әзер жеткен де, сол жерде жерленген. Қалмақтар өз батырының қанын аяққа бастырмау үшін қан тамған жерге тас орнатып қадаған деген аңыз бар. Содан бepi сол жер Кергентас деп аталады.

Екінші бip аңызда жоңғар-қалмақ соғысы кезінде қазақ әскерінің саны аз болу себепті санын көп көрсету үшін жерге шеп құрып, тастарды орнатқан делінеді.

Кергентас – керемет тас, керілген тас

Қолынан адамдардың өрілген тас

Tiзiліп үнсіз, тілсіз тұрғанымен

Тарихтың куәсіндей көрінген тас. (Хамит Балшабеков)

  1. АК БҰЛАҚ

Шілікті жазығы – Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ тауларының ортасындағы Зайсан ойпатының ең құнарлы бөлігі. Жазық теңіз деңгейінен 1100 м биікте. Сауыр тауы теңіз деңгейінен 3816 м. биіктегі Мұзтаумен жалғасады. Сауыр тауындағы өзен-бұлақтардың көбі мұзтаудан еріген сулардан басталады. Сауырдан Шаған оба, Тасты өзен, Қарағайлы, Жеменей, Teмipcy, Үйдене өзендері ағады, бұлақтары қаншама.

Сауырдың батыс жағында табиғаты әсем, дем алуға қолайлы, өзгеше  кереметтілімен ерекшеленетін «Ақ бұлақ» бар, оның бұлай аталу ceбeбi, ұзақтан, Шілікті жазығынан қарағанда Сауыр тауының күнгей бетінде 2500 м. биіктіктен кұлай аққан бұлақ аппақ болып, Қарағайлы өзеніне қарай ағып жатыр, ешқандай сай-сала емес жазық беттен, соншама биіктен айнадай жарқырап көріне ағуы және суында минералды тұздардың көп болуы, адам ағзасына пайдалылығы таңғалдырады.

  1. ҚОҢЫР ҚАЖЫ ТОҒАМЫ

Қоңыр қажы Мажитұлы 1869 жылы туған, руы – Жұмық, Қожан руының биі. Қоңыр қажының әулиелігі, ғұламалығы, қазақ елінің бостандығын, жерін келімсектерден қорғауда атқарған істері ел аузында. Зираты Әлменбет жазығы Тасбастау өңірі Шілікті ойпатында.

Қоңыр Шағаноба өзенінің суын Тасты өзенінің тұсынан бұрып Қарасай, Сарытұмсық, Белбастау, Түйе боталаған Жәкіш обасы, Тасбастау ауылы жанымен айналдырып отырып, Кемпірбұлақ, Әлменбет жазығына дейін 70-80 шақырымдық тоған тартқызып, халыққа егін салғызып, тіршілік жасатқан. Үлкен Шағаноба, Кергентас, Баймырза өзендері Қарасайдың тұсында тастақ, құмдауытқа, оппаларға сіңіп кетіп, Шілікті, Бұтабай сазынан тарамдалып өзен болып қайта басталады. Шағаноба өзенінің суын осы құмдауыт, тастақ, оппаларға сіңдірмей, топырақ, ақ топырақ, шым саз төсетіп, тоған тарттырып, Жайлауға қарай көшкен көш керуенін осы тоған арқылы жүргізіп мал аяғына таптатқан.

Ең кереметі – ешқандай техникасыз осындай тоғанды (каналды) халықтың, елдің кемегімен салуы. Қaзipгі ғылыми техниқалық заманда осындай тоған әлі Шілікті жазығына келген жоқ.

  1. ЗОҢҚАБАЙ МЕШІТІ

Шілікті жазығы «Қошқар баз» елді мекенінде, Тарбағатай тауы етегінде ертеде XIX ғасырда салынған Зоңқабай мешіті әлі тұр, ескірген, жел, жаңбырға желініп тозығы жеткен. Кезінде жанында елді мекен болғаны білініп тұр.

Бip таңқаларлығы – осы мешіт орналасқан мекенде қыстын қарлы боранында ешқандай желдің соқпайтыны.

Кезінде Шілікті кеңшары осы «Қошқар баз» елді мекеніне оншақты отар қой қыстатып, төлдететін, сонда осы қыстақты қыстаған шопандар ақ түтін боранда малдарын осы Мешіт тұрған мекенге жаятын.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Сүлейменова, Айжан. Шілікті ауылының жеті кереметі [Мәтін] / А. Сүлейменова // География және табиғат. – 2019. – №6. – Б. 35-38.