Язевое көлі

Язевое көлі Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, теңіз деңгейінен 1685 м биіктікте орналасқан.

Язевое көлі – Белуха шыңына оңтүстік-батыс жағынан баратын жол үстіндегі көрікті көлдердің бірі. Оның көлемі салыстырмалы түрде шағын: 1,0 × 0,4 км. Көлді айнала қылқан жапырақты орман жамылғысы бар таулар қоршайды, ал биіктеу бөліктері альпі шалғындарына ұласады. Осы жерден Белухаға керемет көрініс ашылады, ашық күндері оның бейнесі көлдің айдынында айқын көрінеді. Язевое көлі тартымды, әрі балық аулауымен де танымал. Бұған оның атауы да дәлел — бұл өңірдегі ақ қайраң балығы кездесетін жалғыз көл. Кейбірінің салмағы 3 кг-ға дейін жетеді.

Ғылыми, мәдени және практикалық маңызы

Көл Белухаға, Катунь өзенінің бастауына апаратын негізгі бағыт бойында орналасқан. Осы жерден Катунь бойымен сал ағызу басталады; сондай-ақ Көккөл сарқырамасына және Көккөл кенішіне жол осы маңнан өтеді. Язевое көлі тек теңіз деңгейінен 1685 м биіктікте ғана емес, сонымен қатар Катунь мұздығының бір тармағы өткен тау жотасының қуысына орналасқан.

Көлдің ұзындығы 3 км, ені 800 м, ал ең терең жері 10 м-ге дейін жетеді. Су түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі — 4,2 м. Жағалауы құмнан, майда тастардан және үлкен валундардан түзілген. Көлге екі шағын аты жоқ бұлақ және бірнеше қайнар су құяды, ал одан Язевая өзені бастау алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі/ құраст. Р. Н. Крыкбаева ; суретші Ю. К. Зинченко. – [Ж. б.] : Б. и., 2008. – 104 б.
  • Кратенко, Андрей Иванович. Еуразияның ортасында – 2: кейбір жерлер, адамдар және заттар. – Өскемен : Медиа-Альянс, 2011. – 178 б.