Зайсан ауданында (1300 га.) 1978 жылы 6 сәуірде құрылған. Айғырқұм шөліндегі аймақ, негізінен, күшті шымдалған шоқша құмнан тұрады. Өсімдіктерінің арасында бұталы өсімдіктер жүзген, теріскен, шеңгел бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша осы қорықта құнды өсімдіктердің ең ірі массиві топталған. Қазаншұңқырларда, құмтөбелердің арасында кіші қорықтық негізгі қорғалатын өсімдігі шырғанақ (облепиха) өседі. Шырғанақ әртүрлі формада – аласа бойлы, ірі жемісті, әлсіз немесе күшті тікенекті болып келеді. Шырғанақтың барлық формалары селекциялық еңбек жазуда негізгі нысана болып табылады. Шырғанақ өсетін алқап 1211 гектар жерді алып жатыр. Тұқымның қоры 26-46 т. Бағаланып, оның ішінде кәсіптігі 6,8-14 т., жемістегі майы 4-6 пайызды құрайды. Қорықта бұтадан басқа өрт кезінде айтарлықтай зардап шеккен қарағайлы көшеттер, сондай-ақ терек, көктерек, қайың ормандарының алқаптары да бар. Төменгі жағында әдетте қамысты өсімдік және батпақты шалғын бар. Сирек кездесетін қызыл кітапқа кіретін өсімдіктерден әртүрлі жапырақты терек, шымды жуа, т.б. кездеседі. Қорықта Зайсан қазаншұңқырында сирек кездесетін шығыс айдаһаршықтары, сондай-ақ, Қазақстанның қызыл кітабына кірген Зайсан жерінің батпақ кесірткесі, шегіркөзді ортаазиялық аусылдар, жиекдуадақ, дуадақ және қарабауыр бұлдырық кездеседі.
Кіру
Архив
Статистика
- 0
- 21
- 16
- 275 997
- 127 773
Количество зарегистрированных пользователей
796Календарь
Қараша (2024) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30