Құмарбеков Мүсілім

Құмарбеков Мүсілім (1939-2016) – жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1939 жылы 10 қаңтарда ШҚО, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Жамбыл атындағы колхозда еңбек етті. 1964 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті атындағы әл-Фараби) журналистика факультетін тәмамдады. Ұзақ жылдар бойы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің редакциясында қызмет етті, қарапайым әдеби қызметкерден газеттің орынбасар редакторына дейін көтерілді. Кейін республикалық әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

М. Құмарбековтың кітаптары:

  • «Қыз күлкісі» (1969)
  • «Жастық жағалауы»
  • «Шынар»
  • «Асау Ертіс» (1974)
  • «Алтайым – алтын бесігім»
  • «Жар жағасындағы үй»
  • «Тауқымет»
  • «Шынар» (1978)

 М. Құмарбековтың шығармалары:

  • Құмарбеков, М. Алтайым алтын бесiгiм. Алматы: Жалын, 1956. – 92 б.
  • Құмарбеков, М. Алтайдың ардагері. Алматы: Қазақстан, 1967. – 29 б.
  • Құмарбекұлы, М. Бейнетқор. Өскемен, 2008. – 80 б.
  • Құмарбекұлы, М. Жар жағасындағы үй: хикаяттар. Астана: Фолиант, 2003. – 280 б.
  • Құмарбекұлы, М. Жер иесі: роман және хикаят. Алматы: Қайнар, 2011. – 384 б.
  • Құмарбекұлы, М. Жігіттер. Алматы: Қайнар, 2008. – 317 б.
  • Құмарбеков, М. Қыз күлкiсi: әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1969. – 72 б.
  • Құмарбекұлы, М. Тауқымет. Өскемен, 2003. – 322 б.

 Мақалалары:

  • Құмарбекұлы, М. «Ақылдылық – ақшада» (сатирикалық мақала) // Ақ Ертіс, 2004, №1, 53-54 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Бейнетқор» (деректі хикаят) // Ақ Ертіс, 2010, №5, 28-51 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Жер иесі» (хикаят) // Ақ Ертіс, 2008, №5, 3–17 б.; №6, 3–20 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Жігіттер» (хикаят) // Ақ Ертіс, 2004, №3, 3–26 б.; №6, 3–31 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Менің аталарым» (әңгіме) // Ақ Ертіс, 2009, №5, 3–11 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Нұрлы да нулы – науалы» (эссе) // Ақ Ертіс, 2011, №2, 5–32 б.; №3, 3–35 б.
  • Құмарбекұлы, М. «Тақымет» (романнан үзінді) // Ақ Ертіс, 2010, №2, 3–23 б.

М. Кумарбеков туралы әдебиеттер:

Кітаптар:

  • Құмарбекұлы М. Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. Алматы: Ана тілі, 2004, 193 б.
  • Құмарбекұлы М. Қазақстан жазушылары: анықтамалық. Алматы: Ан-Арыс, 2009, 245 б.
  • Құмарбеков М. Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014, 483–484 б.
  • Құмарбеков М. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық, Астана: Фолиант, 2011, Т.1, 109–110 б.
  • М. Картаева. Мүсілім Құмарбеков, Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел”, 2016, 79 б.

Мақалалар:

  • Азмухамбетов, Ш. «Сочный язык и тонкий юмор» // Рудный Алтай, 2014, 12 сәуір, №41, 6 б.
  • Әуезханов, Ә. «Жазушы атаммен соңғы жүздесуім» // Дидар, 2017, 13 шілде, №80, 28 б.
  • Кенжеханұлы, М. «Мүсілім Құмарбековтың шығармалары мұражайда сақталатын болды» // Дидар, 2014, 14 сәуір, б.1, 4
  • Қаңтарбаев, Ә. «Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған: [М. Құмарбекұлы 60 жаста]» // Дидар, 1999, 8 қаңтар
  • Тоқанұлы, Б. «Ақжирен мінген асыл аға» // Мәдениет жаршысы, 2009, №1, 15–16 б.
  • Хасенова, М. «Қара шаңырақ» // Дидар, 2006, 13 мамыр, 3 б