Ұлан ауданы

1928 жылғы 17-қантарда Ленин, Тарғын, Ұлан болыстары мен уезіне қарасты Пролетар болысының бір бөлігі есебінен құрылған.

Орталығы – Сібе кенті. Қазақстан ССР Жоғарғы Советі Презиумының 1966 жылғы 31-қаңтарда Жарлығымен қайта құрылған.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1997 жылғы 23-мамырдағы Жарлығымен ауданға таратылған Таврия ауданының аумағы беріліп, Ұлан ауданының орталығы болып Молодежный кенті белгіленді, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр. Тұрғындар саны 42,7 мың адамды құрады, олар 14 ауылдық округтерінде және 4 кенттерде 49 елді мекендерде тұрады.

2013 жылдан бастап аудан құрамында төменгідей ауылдық округтер бар: Алмасай, Аблакет, Айыртау, Азов, Багратион, Бозанбай, Егінсу, Каменка, Таврия, Тарғын, Төлеген Тохтаров, Саратов, Өскемен және Қасым Қайсенов, Асубұлақ, Огневка кенттік әкімшіліктері енген.

Географиялық орналасуы: Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байланысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алаптарымен қамтылған.

Климаттық жағдайы: тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрады.

Аудан үш климаттық аумақта орналасқанымен, құрғақ далалы табиғи шаруашылық аймағында орналасқан. Ауқымы: аудан аумағы 9610 шаршы метрді құрады.

Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстарі жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жанарту аяқталды.

Кенді Алтай өңірінің мәдени ескерткіштері тас дәуіріне жататын Ақ-Бауыр кешені болып табылады. Ол туралы көптеген деректерді ескерсек XIX – ғасырдың аяғы XX-ші ғасырдың басына жатады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында зерттеу жүйесі басталып, қызықты тас бетіне өрнектелген бейнелер Ақ-бауыр Қалба тауларында Сағыр (Ленинка) ауылынын шетінде, Өскемен қаласынан 38 километр қашықтықта орналасқан.

Ол бір атаулы шоқымен тар үңгірде орналасқан табиғи саңылау «төбеде» және ішінде жазулармен жасалған жосасының негізінде атауын алған. Ақ-Бауыр аумағында бұрынғы құрылыс іргетасы, жерлеу, күн сағатына таңба жалатқан алаң, «астрономиялық зертхана», «астротор» өзіне жауапкершілікке дұрыс бейнеленген шоқ жұлдыз Үлкен және Кіші жетіқарақшымен гранит тақталарында ақпарат сақталынған.

 “Аблайкит” ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Абылай ханның тұсында тұрғызылған Аблайкет буддалық монастірінің қираған орны Садыркөл көліне жақын орналасқан. Монастырьда қабырға мен қақпалардың негізі сақталған. Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден қытайға шығатын сада  жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың “Аблайкет” бекініс-монастры қызықтырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Аблай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған-еді. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды.

Ұланда орналасқан көлдердің түбі айыл, таяз. Олар бесеу: Сасықкөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқаракөл, Қанакөл. Көлдер Көктаудың оң жақ шеткі сілемдерінде сатылы түрде орналасқан. Қазаншұңқырлар үш жақтан бекітілген және граниттен ойып орнатылған сияқты.

Табиғат жәдігері Ұлан аудандық Аюды орман шаруашылығының Синегор орманшылығы аумағында орналасқан. Аумағы 137 га. Самырсынды шағын орман Медведка тауының солтүстік баурайында орналасқан. Бұл қара қылқан жапырақты қарағайлы орманды құрайды және нәтижесінде көгалдандыру қарағай көшеттеріне ауысты.

Әдебиеттер тізімі:

  • Боздақтар = Книга памяти Казахстана [Текст] : 1941-1945 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады.Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап = Посвящается 50-летию победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.Книга ппамяти воинам,павшим за Родину. Т.5 : Шығыс Қазақстан облысы = Восточно – Казахстанская область, 2000. – 522 с.
  • Қайсенов З. Ұлан ауданы туралы тарихи-әдеби очерктер. – Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 246 б.
  • Жангозин Ж. Ұлан есімі – ұлағат бесігі. Т. 5. – Усть-Каменогорск : Рекламный Дайджест, 2013. – 240 с.
  • Иманғали, Мейрамтай. Ұлан ауданында ұлықтайтын жерлер көп-ақ // Дидар. – 2009. – 12 тамыз. – Б. 2.
  • Жангозин, Ж. На отрогах Коктау [к 70-летию Уланского района] / Ж. Жангозин. – Өскемен : ШҚМУ Баспасы. – 183 с.