Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев

 Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев – жазушы, ақын, журналист

Уақ тайпасынан шыққан. Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев 1947 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. 1965 жылы С.Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен кейін 1970 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын туған ауылы Топқайыңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1970-1996 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет істеген. 1995 жылы Әлібек Қалиұлының білім беру саласындағы көп жылғы елеулі еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталады. 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.

Қазақстан Журналистері одағының мүшесі. Әлібек Қаңтарбаев «Қыран ғұмыр» атты поэтикалық, «Сол бір кез есімде», «Армандастар» атты прозалық, «Алаш азаматы» атты проза-поэтикалық еңбектердің авторы. Топтама өлеңдері катонқарағайлық жеті ақынның «Ағажай, Алтайдай жер қайда» атты жыр жинағына енген.

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев  –  Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі.

2007 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атанған. Осы жылдың 28 қарашасында аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Әлібек Қалиұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының II сессиясының №2/18-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры – 2009» төс белгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. 2012 жылдан ҚР Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі. 2016 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандағы филиалын басқарды. «Өскемен қаласының Құрметті азаматы», «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы», «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Құрметті профессоры» деген атақ берілген. Соңғы марапаттардың бірі – Алматыдағы үлкен жиында «Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты» атанды.

Ақынның жыр жолдарына келетін болсақ жүрек лүпілі, туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігі, азаматтық үні жыр сүйер қауымның көңілін тербететіндей сыршыл да шыншыл туындылар. Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев құлағына құрық салмайтын саясатқа да, қоғамдағы көлеңкелі құбылыстарға да, адамгершілік қасиеттерден айналасындағы пенделерге де өзінің очерктерімен, мақалаларымен жауап қатады, туындыларымен ізгілікке, адами болмысқа жетелейді.

Бүгінгі буынға қара сөздің құдіреті мен қадірін сезіндіріп жүрген қаламгердің бірі – жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаев алдағы уақытта да бәйгеде басып озып, оқырманға ой салар шығармалар жазарына бек сенеміз. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

ШЫҒАРМАЛАРЫ:

Қаңтарбаев, Әлібек. Алаш азаматы : диалог-эссе / Ә. Қ. Қаңтарбаев ; ред. С. Байхонов. – Алматы: Б. ж., 2007. – 254 б.: портр.

Қаңтарбаев, Әлібек. Досыма хат: эссе-реквием / Ә. Қаңтарбаев. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. – 200 б.

Қаңтарбаев, Әлібек. Жұлдыздар сөнбейді: новелла, әңгімелер, көркем очерктер, публикациялар / Ә. Қаңтарбаев ; құраст. А. Қарамырза. – Алматы: Баспа, 2017. – 338 б.

Қаңтарбаев, Әлібек. Өзегім от пен жалын, өртті демім…: өлеңдер / Ә. Қаңтарбаев. – Алматы: Дәстүр : Каратау КБ, 2017. – 200 б.

Қаңтарбаев, Әлібек. Тұлға: өмірдеректік хикаят / Ә. Қаңтарбаев. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2019. – 216 б.: фот.

Қаңтарбаев, Әлібек. Қасқыр-тірлік…: әр жылдары жазылған әңгімелер, публицистика, сұхбаттар / Ә. Қаңтарбаев; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. – Астана: Фолиант , 2022. – 432 б.: портр. – (Абай әлемі).

Қаңтарбаев, Әлібек. Көзімді жұмсам да көрем сені…: реквием / Ә. Қантарбаев. – Астана: Фолиант, 2023. – 200 б.: фот.

МАҚАЛАЛАРЫ:

Қаңтарбаев , Ә. Жазары көп еді… / Ә. Қаңтарбаев . – Мәтін // Дидар. – 2023. – 4 наурыз. – Б. 3.

Қаңтарбаев, Әлібек. Туған жер топырағында жатқан игі жақсылардың зираты жоқ шығар / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Дидар. – 1998. – 15 желтоқсан. – Б. 6.

Қаңтарбаев, Әлібек. Қазақ болғың келеді-ақ… / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Дидар. – 1998. – 15 желтоқсан. – Б. 6.

Қаңтарбаев, Әлібек. Алтай табиғатының жанашыры / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Дидар. – 2003. – 22 сәуір. – Б. 2.

Қаңтарбаев, Әлібек. Тауда туып, тауда өскен таутұлға : сұхбат / сұхбатттасқан.: Құсанбаев С. – Текст : непосредственный // DIDAR. – 2022. – 22 желтоқсан (№150). – Б. 14-15. : портр.

Қаңтарбаев, Әлібек. Төр Алтайдың текті қаламгері : [Оралхан Бөкей туралы] / Ә. Қаңтарбаев. – Мәтін // Төр Алтай. – 2022. – №3. – Б. 3-8

Қаңтарбаев, Әлібек. Бұқтырманың бастау бұлақтары : реквием / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Қазақ әдебиеті. – 2023. – 9 маусым (№23). – Б. 8-9. : портр.

Қаңтарбаев, Әлібек. Өсер елдің баласы… / Сұхбаттасқан Қ. Дүргінбай. – Текст : непосредственный // Тәңіртау. – 2023. – № 2. – Б. 79-82. : портр. – (Тұлға)

Қаңтарбаев, Әлібек. Кербұғының мерейтойлық керуені / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Тәңіртау. – 2023. – № 5. – Б. 3-4. : ил., портр.

Қаңтарбаев, Әлібек. Жиырмасыншы ғасырдың жырауы / Ә. Қаңтарбаев. – Текст : непосредственный // Тәңіртау. – 2023. – № 5. – Б. 55.

Қаңтарбаев, Әлібек. Оралхан : реквием / Ә. Қаңтарбаев. – Мәтін // Ақиқат. – 2023. – №9. – Б. 65-68.

ОЛ ТУРАЛЫ:

КІТАПТАРДАН:

Қаңтарбаев, Әлібек // Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы ; ред. Қ. Құрмансейіт. – Астана, 2011. – Б. 102-103.: фотосуреттер.

Алтайдың айтағалы жыршысы: жазушы Ә. Қаңтарбаевқа 70 жыл: әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші / ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Ақпараттық-библиографиялық орталық; құраст. Л. А. Алимкулова. – Өскемен: ОБЖК, 2017. – 12 б.

Қаңтарбаев, Әлібек. // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почета. Город Усть-каменогорск: Өскемен қаласының 300 жылдығына арналады / ауд. С. Е. Абдильдинова; бас ред. Г. Н. Пуссеп ; құраст. Б. Пуссеп. – Алматы, 2021. – Б. 108. : сурет. – Кітап қазақ, орыс тілдерінде.

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАН:

Құсанбаев, Серік. Өткелде қалған өкініш, Өткеннің күйін шертеді… / С. Құсанбаев. – Текст // DIDAR. – 2023. – 6 шілде (№79-80). – Б. 8.: портр.

Жұмағұлова, Гүлзира. Мәңгілік махаббат дастаны / Г. Жұмағұлова. – Текст // DIDAR. – 2023. – 6 шілде (№79-80). – Б. 9. : портр.

Ғали – Асқар, А. “Алаш” сыйлығын иеленді / А. Ғали – Асқар. – Текст // DIDAR. – 2023. – 20 сәуір (№46). – Б. 20.

Қаңтарбаев, Әлібек. Өсер елдің баласы… / Сұхбаттасқан Қ. Дүргінбай. – Текст // Тәңіртау. – 2023. – № 2. – Б. 79-82. : портр. – (Тұлға)

Қаңтарбаев, Әлібек. Тауда туып, тауда өскен таутұлға : сұхбат / сұхбатттасқан.: Құсанбаев С. – Текст // DIDAR. – 2022. – 22 желтоқсан (№150). – Б. 14-15. : портр.