Ғалым Айтқанұлы Байбатыров (1949–2012).
Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі.
Ғалым Айтқанұлы Байбатыров Зайсан қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Достық» (Зайсан), «Коммунизм туы» (Өскемен), «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» (Алматы) газеттерінде, облыстық радиода, жеке меншік КТВ–5 телеарнасында, Облыстық халық шығармашылығы орталығында және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.
Ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары – туған жер, өмір, дәуір, қоғам, парасат, жастық және махаббат. Өлеңнен бөлек, оның қаламына фельетондар, сатиралық әңгімелер мен драмалар да тән.
Алғашқы өлеңдері 1966 жылы жарияланды. «Сәуір самалы» (1982), «Үміттің оты сөнбейді» (1999), «Арман дүние» (2000) сияқты бірнеше жыр жинақтары жарық көрді.
Автордың «Шежірелі Шығыс өңірі» (2006), «О дүниенің табалдырығы» (2007), «Жүрегімнің жанары» (2008) кітаптары бар. Ғ. Байбатыровтың «Өңім бе, ойбай, түсім бе?» (2002), «Албасты операциясы» (2003), «Отан үшін» пьесалары бойынша Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық театрда спектакльдер қойылды.
Республикалық және облыстық мүшәйралардың жүлдегері. Қалалық журналистер конкурсының дипломанты. Облыстық мәдениет басқармасы мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2012 жылы Зайсан қаласында дүниеден өтті.
Ғ. Байбатыровтың шығармалары:
Байбатыров, Ғ. Арман дүние [Мәтін] : өлеңдер, толғаулар. – Өскемен : Шығыс баспа, 2000. – 94 б.
- Байбатыров, Ғ. Достар дауысы [Мәтін] : аудармалар. – Алматы : Өлке, 2000. – 74 б.
- Байбатыров, Ғ. Жүрегімнің жанары [Мәтін]. – Өскемен, 2008. – 160 б.
- Байбатыров, Ғ. Зайсан [Мәтін] : өлкетанулық тарихи-танымдық туындылар. – Астана : Фолиант, 2014. – 344 б.
- Байбатыров, Ғ. Зайсан тарихы [Мәтін] : оқулыққа қосымша. – Өскемен, 2003. – 180 б.
- Байбатыров, Ғ. О дүниенің табалдырығы [Мәтін]. – Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. – 166 б.
- Байбатыров, Ғ. Сәуір самалы [Мәтін] : өлеңдер. – Алматы : Жазушы, 1978. – 73 б.
- Байбатыров, Ғ. Үміттің оты сөнбейді [Мәтін] : өлеңдер, толғаулар. – Алматы : Әл-Фараби–Гридан, 1999. – 120 б.
- Байбатыров, Ғ. Шежірелі Шығыс өңірі [Мәтін]. – Өскемен, 2006. – 124 б.
Мақалалары
- Байбатыров, Г. Баллада о пропавшем [өлең] // Рудный Алтай. – 1994. – 1 қаңтар.
- Байбатыров, Г. Бар сынақтан өтті [ҰОС қатысушысы, «Дидар» газетінің бұрынғы редакторы О. Қайсанов туралы очерк] // Рудный Алтай. – 1995. – 26 сәуір.
- Байбатыров, Г. Жеменей [өлең] // Рудный Алтай. – 1993. – 9 желтоқсан.
- Байбатыров, Г. Менің өлкем – бал, алтын, әнге бай // Рудный Алтай. – 2006. – 16 ақпан. – 6-б.
- Байбатыров, Г. Азапты ғұмыры [Улан райисполкомының қуғындалған төрағасы М. Итбаев туралы] // Рудный Алтай. – 1997. – 17 мамыр.
- Байбатыров, Г. «Өлеңдерім – жүрегімнің бөлшегі…» // Рудный Алтай. – 1992. – 29 қазан.
- Байбатыров, Г. Ол Жаратушымен тілдеседі [З. Ш. Шамшиевтің дін туралы сұхбаты] // Рудный Алтай. – 2000. – 25 қаңтар. – 3-б.
- Байбатыров, Г. Таинтин ормандары; Ұлыма; Қаланы қалың қар аймалайды [өлеңдер] // Рудный Алтай. – 1992. – 29 қазан.
Ғ. Байбатыров туралы әдебиеттер:
- Байбатыров Ғалым // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы : «Аң арыс», 2009. – 77-б.
- Байбатыров Ғалым // Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 233-б.
Мақалалар:
- Ғалым Байбатыров [қазанама] // Дидар. – 2012. – 15 қараша. – 17-б.
- Есімбек, О. Енді жырлайды [«Үміттің оты сөнбейді» жайлы] // Дидар. – 1999. – 10 сәуір.
- Қаңтарбаев, Ә. Періште мен пенде немесе әріптес жайлы бір ауыз лебіз [ақынның 60 жылдығына] // Дидар. – 2009. – 13 қаңтар. – 4-б.
- Құмарбекұлы, М. Сөнбейтін от [«Үміттің оты сөнбейді» жайында] // Дидар. – 1999. – 11 мамыр.
- Тасқараұлы, А. Жүрегімнің жанары // Мәдениет жаршысы. – 2009. – № 1. – 17-б.
- Тоқпатаев, У. Жыр толғаған шабытына жал бітіп [50 жасқа орай] // Дидар. – 1999. – 12 қаңтар.
- Ыбыраев, А. «Албасты» операциясы // Дидар. – 2004. – 31 қаңтар. – 6-б.
- Азмухамбетов, Ш. Операция “Нечистая сила” // Рудный Алтай. – 2004. – 17 ақпан. – 4-б.
- Жерлесіміздің жаңа кітабы [«Не гаснет пламя надежды» кітабының жарық көруі] // Рудный Алтай. – 1999. – 8 сәуір.
- Сосновская, О. Жазушылар одағына қабылданды [Ғ. Байбатыров туралы] // Рудный Алтай. – 2005. – 8 қараша. – 4-б.